Жаңа заң, жаңа Қазақстан

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ағымдағы жылдың 29 сәуірде Конституцияға түзетулер енгізу бойынша республикалық референдум өткізуді ұсынды.
Президент Қазақстанда «соңғы рет референдум 1995 жылы қазіргі Конституция бекітілген кезде өткенін» еске салып,»Референдум әрбір азаматқа ел тағдырын анықтау ісіне қатысуға мүмкіндік беріп,демократияға бағыт алуына» ықпал ететін атап өтті.Нәтижесінде 33 бапқа 56 толықтыру енгізу жоспарланып,25 сәуірде Конституцияға түзетулер енгізумен айналысып жатқан жұмыс тобы өздері дайындаған өзгертулерді жариялаған. Жоспарға сәйкес 1995 жылы таратылған Конституциялық сотты қайта құру; президенттің саяси партияларға мүше болуы мен оның жақындары мен туыстарына саяси және квазимемлекеттік секторда лауазымды қызмет атқаруына тыйым салып,парламент және сайлау жүйесін өзгерту мәселелері қамтылып, бірінші президентке «тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаушы» мәртебесін беру туралы бастамада қарастырылған.Алайда қарастырылған мәселе қоғамда сынға қалып, халық тарапынан қарсылыққа ұшыраған.

Орынбай Ақбота Нағашбекқызы
Орал қаласы, Тасқала ауданы
Қ.Сәтбаев ат.ЖОББ мектебі

 

 

Related posts

Еурокомиссия Қазақстанға сутегі бойынша нормативтік базаны жетілдіруге жәрдемдеседі

Назия Жоямергенқызы

Самый главный праздник тюркского мира НАЧАЛСЯ ФЕСТИВАЛЬ КУЛЬТУРЫ И ИСКУССТВА ДЕДЕ КОРКУТ

ttjk

Мевлют Чавушоғлу: Терроризмнің ұлты да, этникалық түрі де, діні де жоқ. FETO бүкіл адамзатқа қауіп төндіруде

ttjk