Жүргізуші куәлігін алу жүйесіне өзгеріс енгізіледі

Мемлекеттік корпорация жүргізуші куәлігіне теориялық емтихан тапсыру жүйесіне өзгерістер енгізіп жатыр. Бұл орайда жүргізуші куәлігіне үміткерлер екі факторлы аутентификациядан өтпек.

Екі факторлы аутентификация – қолданушының екі түрлі әдіспен өзін-өзі растау тәсілі: біріншісі – СМС хабарламаның көмегімен, екіншісі – биометриялық сәйкестендіру арқылы жүзеге асады. Қызмет алушыға тестен өтпес бұрын 1414 нөмірінен жеке деректерге қатысты сұрау салу туралы хабарлама келеді. Айта кету керек, SMS қолданушының Электрондық үкімет порталының жеке кабинетіне тіркелген телефон нөміріне жіберіледі. Сәтті авторизациядан кейін қызмет алушы биометриялық сәйкестендіруден өтеді.

Мемлекеттік корпорацияның басқарма төрағасы Арман Кенжеғалиевтің айтуынша, алаяқтар күн сайын алдаудың жаңа тәсілдерін ойлап тауып жатыр. Осы орайда корпорация қызметкерлері де заңбұзушылықтарды анықтау үшін үлкен жұмыстар атқарады. Сонымен қатар Мемлекеттік корпорация қызмет көрсетудің сапасын жақсарту бойынша тұрақты жұмыс жүргізіп жатыр. Ендігі кезекте, екі факторлы аутентификацияны енгізу емтихандағы бұзушылықтардың санын азайтуға көмектесу қолға алынады. Сәйкесінше, қызмет алушының деректері де сенімді қорғалады. Жаңа бастама 11 қазаннан бастап Астана қаласында жүзеге асады. Ал еліміздің мамандандырылған ХҚКО-да екі факторлы аутентификацияны жыл соңына дейін енгізу жоспарланып отыр.

 

 

 

 

Related posts

КАЗАНДИБИ — ЛЮБИМЫЙ ДЕСЕРТ ТУРИСТОВ

ttjk

Тарихы терең Түркия

ttjk

АЛМАТЫДА БІРІНШІ НЕОНАТАЛЬДЫ МЕДБИКЕЛЕРДІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМЫ ӨТІП ЖАТЫР

ttjk