Зейнетақыны 30-50 пайызға көтеріле ме?

Елді алаңдататын әлеуметтік проблемалар арасында жалақы мен зейнетақы мәселесі бар. Жуырда әлеуметтік желілерде Қазақстанда зейнетақы төлемдерін қайта есептеу арқылы 30-50 пайызға көтерілетіні туралы ақпарат тарады.

Алайда бұл ақпаратты Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі теріске шығарды: «Таратылған бейнероликте зейнетақыны арттыру үшін 20 жылдан бастап еңбек өтілі және еңбек кітапшасында белгілі бір жазба болуы керек деп айтылады. Бұл жағдайда роликтің авторы оның қандай жазба екенін білу үшін сілтемеге өтуді сұрайды.

Азаматтарға тексерілмеген сілтемелерге кірмеуге, сонымен қатар алаяқтар пайдалана алатын күмәнді интернет-ресурстарда өздерінің жеке деректерін қалдырмауға кеңес береміз. Ақпаратты тек ресми көздерден пайдалануды сұраймыз. Жалған ақпарат тарату заңмен жазаланатынын естеріңізге саламыз».

ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабы бойынша Қазақстан аумағында байқамай немесе қасақана жалған ақпарат таратқан азаматтарға жаза қарастыырлған.

Нұрсая Жоямерген, Қызылорда облысы Қазалы ауданы Әйтеке би кенті, «Ержігіт Бозғұлов атындағы № 249 мектеп-лицейі» КММ 11-сынып оқушысы.

Сурет: «Егемен Қазақстан» газеті.

Related posts

ЗДАНИЕ ПРЕЗИДЕНТСКОГО СИМФОНИЧЕСКОГО ОРКЕСТРА НАЧАЛА СВОЮ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ КАК «ТУРЕЦКИЙ КУЛЬТУРНЫЙ КАМПУС»

ttjk

ШЕКАРА СЫРТЫНДА ҚАЗАҚША ҮЙРЕТЕДІ

ttjk

«Ace of M.I.C.E. Exhibition»