Зардап шеккендерге бөлінген қаражатты қымқырған

Ақмола облысының арнайы прокурорлары 300 миллион теңгеден аса қаражатты жымқырғаны үшін Атбасар ауданының әкімдігіне қарасты құрылыс бөлімі, «Престиж Строй 7» және «Фундаменталь» ЖШС-ның басшыларына қатысты соталды тергеуді аяқтаған. «Бұл қаражат 2021 жылы Үкімет резервінен Атбасар ауданында су тасқыны аймағында тұратын 200 жанұяны көшіру үшін екі 100 пәтерлі үйлерді салуға бөлінген», делінген хабарламада.

Күдіктілердің әрекеті аса ірі көлемде жымқыру, талан-таражға салу, яғни Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігі бойынша сараланды. Сонымен бірге мүлкін тәркілеумен қоса 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Екі күдіктіге сот санкциясымен күзетпен ұстау шарасы қабылданды, үшінші адам үйқамаққа алынды.

Тергеу барысында қылмыстық жолмен алынған мүлік — Алматы, Астана қалаларында коммерциялық жылжымайтын мүлік, арнайы техника, құрылыс құрылғылар және банк шоттарында 50 миллион теңгеден аса ақшалай қаражат табылған. Тыйым салынған мүліктің бағаланған құндылығы 335 миллион теңгеден асыпты. Прокурорлар бұл мүліктің бір бөлігі жалға берілгенін, қылмыстық жолмен пайда түскенін анықтады.

 

Related posts

«Қызылорда облысында ауылшаруашылығы саласына 9,4 млрд. теңге инвестиция құйылды»

ttjk

Сібір жарасын жұқтырғандар екі есе азайды

editor

«Балаға азғындық жасады» деген күдікті өлі күйінде табылды

editor