ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА «ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» ҰЛТТЫҚ ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 21 МЕКТЕП САЛЫНАДЫ

Мемлекет басшысының бастамасымен 2025 жылға дейін 800 мың баланың заманауи мектепте білім алуына жағдай жасау мақсатында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасықолға алынды.

Қызылорда облысында ұлттық жоба аясында 12 300 орындық 21 мектеп салынады.

Арал ауданында — 4, Қазалы, Қармақшы және Жаңақорған аудандарында – 2 жайлы мектептен, Жалағаш, Сырдария, Шиелі аудандарында 1 мектептен, Қызылорда қаласында – 8 заманауи мектеп бой көтереді.

Биыл жоспарланған 10 мектептің 9-ның құрылысы басталды, оның 5-уі облыс орталығында орналасқан. Облыстағы 6 апатты мектептің 4-нің мәселесі осы «Жайлы мектеп» жобасы аясында шешімін табады.

Сондай­ақ, 2 мектеп «Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры» және жеке инвестор есебінен жүргізіледі. Қалған 11 мектеп 2024 жылы салынатын болады.

Related posts

Dubrovnik, Croatia, Travel Guide: Where to Stay, Eat, Drink

ttjk

The finest of the Aegean and the Mediterranean meet in Bodrum

ttjk

Гауһар Танашева депутаттық мандатынан айырылды

editor