Қытай мен АҚШ Женевада сауда келіссөздерін бастады

Женевада Қытай мен АҚШ арасындағы сауда-экономикалық мәселелер бойынша жоғары деңгейдегі келіссөздер басталды. Қытай атынан Мемлекеттік кеңестің вице-премьері Хэ Лифэн, ал АҚШ тарапынан Қаржы министрі Скотт Бессент қатысып жатыр. Келіссөздер қос державаның ұзаққа созылған сауда қайшылығы жағдайында өтіп жатыр. Бұған дейін АҚШ Қаржы министрі Бессент екі ел арасындағы тұрақсыз сауда қарым-қатынасына алаңдаушылық білдірсе, Дональд Трамп Қытай өнімдеріне салынған кедендік баждарды төмендетпейтінін айтқан. Қазіргі кезде бұл баж салығы орта есеппен 145 пайызға дейін жеткен. Келіссөздердің басты мақсаты — сауда шиеленісін жұмсарту және экономикалық ынтымақтастықты дамыту жолдарын табу. Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттык өнер академиясы Компьютерлік технологиялар кафедрасы Медиажурналистика мамандығының 1-курс студенті Сымбат Ербол

Related posts

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА «АУЫЛДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУДЫ ЖАҢҒЫРТУ» ҰЛТТЫҚ ЖОБАСЫ БАСТАУ АЛДЫ

ttjk

Апатқа ұшыраған ұшақтың жазу құрылғылары тоқтап қалған

editor

ЕЛАЗЫҒ — ТАРИХ ПЕН ӘСЕМДІК СИМВОЛЫ

ttjk