Қылмыскерлердің қолынан қаза тапқан Шерзаттың үйі өртеніп кетті

Талғарда аса жауыздықпен қайтыс болған 16 жастағы Шерзат Болаттың үйі сенбіге қараған түні өртеніп кетті. Бұл туралы ақпарат кеше түнде әлеуметтік желілерде тарады. Ал бүгін ресми органдар оқиғаны растады.

Оқиғадан зардап шеккендер мен құрбандар жоқ.Куәгерлер өрт сөндіру қызметінің жедел әрекетіне қарамастан, үйдің толығымен жанып кеткенін жазып жатыр.

Бұл оқиғаға қатысты Алматы облыстық полиция департаменті түсініктеме берді.

«Бөтеннің мүлкін қасақана жою фактісі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Тергеу аясында куәгерлерден жауап алынуда, сондай-ақ бейнебақылау камераларының жазбалары зерттелуде. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайлары мен оған әкелуі мүмкін себептері анықталуда», — делінген хабарламада.

Related posts

Ақтаудағы ұшақ апаты: Әзірбайжаннан арнайы комиссия келді

editor

Sayın Ersin Tatar Azerbaycan-Kıbrıs Dostluk Cemiyeti’ni ziyaret etti

Тоқаев Қазақстанда “Алтын виза“ иегерлеріне не берілетінін айтты

Назия Жоямергенқызы