VІІІ «КЕЛЕШЕКПЕН БАЙЛАНЫС МЕДИА КОНГРЕСІ»

2016 жылғы 23-24 мамырда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде VIII «Келешекпен байланыс медиа конгресі» (8.Gelecekle İletişim Çalıştayı) өтеді. Қазақстан, Түркия, Қырғызстан, Түркіменстан, Əзірбайжан, Тəжікстан, Грузия, Македония, Косово, Румыния, Болгария, Қырым (Украина), Татарстан, Қарақалпақ (Өзбекстан), Керкүк (Ирак), Шығыс Түркістан (Қытай), Ауғанстан, Ресей т.б. елдерден 80-ге жуық түркітілдес журналист келеді. Жыл сайын Жер шарының əр мемлекетінде өтетін шараның басты мақсаты – түркі елдеріндегі журналистердің ынтымақтастығын арттырып, кәсіби тұрғыда серіктестікті нығайту. Осы орайда, түбі бір түркінің рухани және тарихи құндылықтарын бірігіп насихаттау, түркітілдес БАҚ арасында жедел ақпарат алмасу т.б. ортақ мақсат-мүддені көздейтін жаңа жобалары жүзеге асыру жоспарланып отыр.
«Келешекпен байланыс медиа конгресінің» басты ұйымдастырушысы – Түркия мемлекеті Телевидение және радио Жоғары Кеңесі (RTÜK). Аталған медиа конгресс түркітілдес мемлекеттердің ақпараттық кеңістіктері арасындағы байланысты жаңа деңгейге көтеру мақсатымен 2009 жылдан бастап тұрақты түрде өткізіп келеді.  Түркияның жоғары оқу орындарында  1992 жылдан бері  білім алып жатқан түркітілдес мемлекеттер мен туыстас қауымдастықтардан келген студенттердің бірқатары журналистика факультеттерінде, соның ішінде  «Теледидар және радио» бөлімінде  оқиды. 2015 жылы Түркияның Чанаккале қаласында ұйымдастырылған VII Келешекпен байланыс медиа конгресіне студенттермен қатар, қазір өз мемлекеттерінің бұқаралық ақпарат құралдарында жұмыс істейтін Түркия университеттерінің түлектері де қатысты. Алқалы жиынды TRT AVAZ телеарнасы тікелей эфирден көрсетті.
Үстіміздегі жылдың 20 мамырында Қырғызстан астанасы Бішкекте басталған VIII «Келешекпен байланыс медиа конгресі» Алматыда жалғасын табады. Медиа конгресс 23 мамыр күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры академик Ғ.Мұтановтың Телевидение және радио Жоғары Кеңесінің төрағасы, доктор, профессор Ильхан Йерликая, Түркия мемлекетінің Алматыдағы  Бас консулы Рыза Қаған Йылмаз және басқа құрметті қонақтармен кездесуінен соң әл-Фараби кітапханасында медиа конгрестің жарнамалық-ақпараттық  көрмесінің ашылу салтанатынан кейін  өз жұмысын бастайды.
Журналистика факультетінің оқытушы-профессорлар құрамымен және студенттерімен танысып, сұхбаттасатын түркітілдес журналистер жылдағы дәстүр бойынша VІІІ «Келешекпен байланыс медиа конгресінің» биылғы бағдарламасына арналған тәжірибелік сағаттарын өткізіп, газет пен ашықхаттың дизайнын жасайды. Сондай-ақ, дайын болған өнімдерді «Қазақ университеті» баспа үйінде жедел басып шығарады.

Медиа конгрестің ашылуы: 23 мамыр, сағ. 15.00

Өтетін орны: Әл-Фараби ат. ҚазҰУ,
әл-Фараби кітапханасы, 4-қабат

Байланыс ақпараты:
Нәзия Жоямергенқызы, «Түркітілдес журналистер қоры» ҚҚ президенті  +7 7788783408
Сағатбек Медеубек, ҚазҰУ журналистика факультетінің деканы, (+7 72 7) 377 35 14

«Түркітілдес журналистер қоры» ҚҚ

Related posts

MODEKO-2018: жиһазшыларға жаңа мүмкіндік

ttjk

АЛАНЬЯЛЫҚ ЖУРНАЛИСТЕРМЕН КӘСІБИ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

ttjk

ХАЛЫҚ БАНКІ АЙ САЙЫН ПӘТЕР СЫЙЛАЙДЫ

ttjk