Туризм жарнамасындағы әлеуметтік желілердің рөлі айтылды

Форумда сөз алған сарапшылар жиналғандарға әлеуметтік желілер мен инфлюенсер-маркетинг жайында да хабардар етті.

Туристік дестинацияларды жарнамалауда әлеуметтік желілерді пайдалану. Шынайы контент қалыптастыруда блогерлер мен қоғам қайраткерлерімен ынтымақтастық орнатудың қыр-сырларына де кеңінен сөз болды.

Сонымен бірге «Туризм — дипломатия құралы» тақырыбы төңірегіндегі айтылған мәліметтер қатысушылардың қызығушылығын тудырды.Бұл орайда баяндамашылар түркі әлемі елдері арасындағы мәдени және экономикалық байланыстарды туризм арқылы нығайту. Түркі елдерінің қонақжай және қауіпсіз туристік бағыттар ретіндегі имиджін насихаттауға ден қойып отыр. Өзбекстандағы «Халык сузи» газетінің жауапты хатшысы Нурлан Усмановтың сөзінше, Өзбекстандағы туризм индустриясының дамуы халықтың әл-ауқатының артуына септігін тигізіп келеді. Мәселен, бұл ел шетелдік туристер саны бойынша пандемияға дейінгі көрсеткіштің 98 пайызына жетіп отыр.

Related posts

Әдебиет саласының тағы бір майталманы мәңгілік мекенге аттанды

editor

15 ақпан – Кеңес әскерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 35 жыл

ttjk

АҚШ елшісі отставкаға кетпек

editor