Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет алаяқтар туралы ескертеді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мессенджерлерде (WhatsApp, Telegram және т.б.)  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшылығы мен қызметкерлерінің атынан жалған аккаунттар құрған және жалған ақпарат тарататын алаяқтар туралы тағы да ескертеді.

Алаяқтар Антикор символикасы бар жалған құжаттарды, хабарламаларды және файлдарды жасауда және жолдап жатыр.

«Жалған ақпараттық таратуларға сенбеу, күмәнді сілтемелерге өтпеуді, сондай-ақ қолма-қол ақша аудармауды сұраймыз. Осындай қоңыраулар мен таратуларды алған жағдайда, осы фактілер туралы Қазақстан Республикасының Құқық қорғау органдарына дереу хабарлауды сұраймыз. Егер Сіз жемқорлық фактілеріне тап болсаңыз, 1424 нөмірі арқылы немесе @antikorkz_bot Telegram-боты шұғыл хабарлаңыз», деп хабарлайды агенттік.

Related posts

Қазақстан халқы Ассамблеясының отыз үшінші сессиясы шақырылады

ttjk

ШЫҰ мүше мемлекеттер өзара әріптестікті күшейту бағытында меморандумдарға қол қоюда

ttjk

ТЕКЕЛІДЕГІ ТУРИЗМ

ttjk