Трамп Ресей-Украина қақтығысын тоқтатуға барын салмақ

АҚШ Президенті Дональд Трамп Ресей мен Украина  арасындағы қақтығысты реттеу бойынша келіссөздер жүргізуді жоспарлап отыр. 

Бұл туралы ол  Вашингтон маңындағы Эндрюс әскери-әуе базасында сөйлеген сөзінде  мәлім еткен. Сондай-ақ Трамп Ресей және Украина өкілдерімен жоспарланған кездесулер туралы да мәлімдеген. Оның айтуынша, кездесулерді ұйымдастыру бойынша белсенді жұмыс жүргізіліп жатыр.

«Бізде демалыс күндері өте қарбалас өтті. Біз Израиль мәселесімен айналысып жатырмыз. Сондай-ақ Украина және Ресеймен де жұмыс істеп жатырмыз. Украина және Ресей өкілдерімен кездесулер мен келіссөздер жоспарланған», деген.  Трамп Ресеймен Украинадағы қақтығысты реттеу мәселесін өте байыпты талқылап жатқанын атап өтті. Ол АҚШ-тың қақтығысты тоқтатуға барынша күш салатынын мәлімдеді. Бұл келіссөздер Ресей мен Украина арасындағы шиеленісті азайтуға бағытталған маңызды қадам болуы мүмкін.

Related posts

Бес баланың өлімі: Прокуратура істі бақылауға алды

editor

ТҮРКІСТАНДА ЖАҢА МЕШІТ АШЫЛДЫ

Назия Жоямергенқызы

Атыраулық жас робот жасаушылар «KazRoboSport» ұлттық чемпионатына қатысады

ttjk