Топырақты қорғау талабы күшейтіледі

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында «Топырақты қорғау туралы» заң жобасы мен ілеспе құжат енгізілді.

Заң жобаларын Парламент депутаттары Мемлекет басшысының сегізінші сайланған Парламенттің бірінші сессиясының ашылуында берген тапсырмасын орындау бойынша әзірлеген. Құжаттың басты мақсаты – топырақты тиімді сақтаудың құқықтық негіздерін құру, топырақтың құнарлығын арттыру, жердің тозуын болдырмау болып отыр.

Аграрлық мәселелер комитетінің төрағасы Серік Егізбаевтің сөзінше, ілеспе заң жобасы қолданыстағы заңнаманы негізгі заң жобасының нормаларына сәйкес келтіру мақсатында әзірленген.  «Бұл «Жер кодексі» мен «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылды аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» заңға жердің кадастрлық құнын анықтаудың нақты тетіктерін белгілеуге бағытталған өзгерістерді ескеріп отыр. Атап айтқанда, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ функциялары бөлінетін болады. Бұл қоғам тек елді мекендергі жердің құнын анықтайды. Ал ауыл шаруашығына арналған жердің құнын анықтау ГИПРОЗЕМ мемлекеттік кәсіпорнына берілмек. Сондай-ақ жер пайдаланушылардың топырақты қорғау жөніндегі міндеттері нақтыланады. Мәжілістің Аграрлық мәселелер комитеті аталған заң жобалары бойынша қорытынды әзірлеуге дайын», — дейді депутат.

Related posts

Алматының тау бөктерінде үш бірдей заңсыз нысан сүрілді

Назия Жоямергенқызы

Бір жылда адам ағзаларын заңсыз алуға қатысты 22 қылмыстық іс тіркелген

editor

Пара туралы хабарлағандарға 4 млн теңге сыйақы

editor