Тоқаев Путиннің шақыруымен Омбыға барады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Ресей президенті Владимир Путиннің шақыруымен сенбіде, 25 шілдеде Омбы қаласына барады.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент Владимир Путиннің шақыруымен 25 шілдеде ХХІІ Қазақстан — Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысу үшін Омбы қаласына сапармен барады», — делінген хабарламада.

Іс-шара аясында мемлекеттер басшыларының кездесуі жоспарланған.

24.kz мәліметінше, Ресей мен Қазақстанның өңіраралық ынтымақтастық форумы Омбыда 24 шілдеде ашылды. Биылғы форумның негізгі күн тәртібі — логистика.

Атап айтқанда, су жолдарын дамыту жобалары — Ертіс өзені арқылы Ресей — Қазақстан — Қытай бағыты бойынша халықаралық көлік дәлізін құру перспективалары талқыланып жатыр. Сондай-ақ, қатысушылар трансшекаралық өзенді сақтау бойынша экологиялық серіктестік мәселелерін қарастырып жатыр.

Сондай-ақ, өнеркәсіптік кооперация да басты назарда. Сөз кәсіпорындар арасындағы тікелей байланыстарды, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту және инвестициялық жобаларды іске асыру туралы болып отыр.

Tengrinews.kz

Related posts

АЛМАТЫДАҒЫ АТЫС

Назия Жоямергенқызы

«IITU Robocon Games» чемпионаты

Назия Жоямергенқызы

QAZFORUM-2021 БАСТАЛАДЫ

ttjk