ТЕРЕҢ ОЙДЫҢ ТЕМІРҚАЗЫҒЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың жарлығымен ағымдағы жыл Ұлы Абайдың 175 жылдығы деп жарияланды. Осы шара аясында, аталмыш тақырыпта бүгін М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде Ұлы Абайдың 175 жылдығына орай республикалық ғылыми-практикалық конференция болып өтті. Ғылыми-практикалық конференция филология факультетінің қазақ филологиясы кафедрасының ұйымдастыруымен, республикалық деңгейде онлайн түрде өтті. Оған М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты, А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті, Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты т.б  еліміздегі жоғары оқу орындарының ғалым-оқытушылары, студенттері мен магистранттары,БҚО тілдерді дамыту басқармасы, БҚО білім басқармасы өкілдері қатысты.
Сонымен қатар, Түркиядан арнайы қосылған ғалым, жазушы, Еуразия Жазушылар одағының төрағасы Якуб Омероглы Абай мұрасының қазақ руханиятында ғана емес түркі халықтары руханиятына ортақ мұра, оның əлемдік тұлғаға айналғанын екенін айтып өтті.

Онлайн конференция барысында Абай мұрасының насихатталуы,ұлттық идеологияны қалыптастырудағы рөлі турасында кеңінен талқыланып,
М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының бас ғылыми қызметкері, Абайтану бөлімінің меңгерушісі, ф.ғ.к. Серікқазы Қорабай «Абай – ренессанстық тұлға» тақырыбында,
филология ғылымдарының докторы, профессор Мұрат Сабыр «Абай поэзиясының орта түркілік әдебиетпен сабақтастығы» тақырыбында,
М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың қазақ филологиясы кафедрасының доценті, ф.ғ.к. Жангелді Шайекенов «Абайды білмек парыз ойлы жасқа…» тақырыбында, М. Өтемісов атындағы БҚМУ-дың «Рухани жаңғыру» ғылыми-зерттеу институтының директоры, п.ғ.д., профессор Абат Қыдыршаев «Абай мұрасы – рухани кемелдік өзегі» тақырыбында, М.Өтемісов атындағы БҚМУ қауымдастырылған профессоры, ф.ғ.к. Р.Б. Сұлтанғалиева «Терең ойдың темірқазығы – дана Абайда (Абай іліміндегі ізгілік феномені)» тақырыбында баяндама жасады. Білім беру ұйымдарының ұстаздары Абайдың шығармашылығын оқыту тиімділіктерін ұсынып, сабақ үлгілерін көрсетті. Қатысушылар тарапынан айтылған ұсыныстар бойынша пікір алмасып, ғылыми-практикалық конференция қорытындыланды.

Шұғыла ЕҢСЕП, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік       университетінің 1-курс студенті

Related posts

ӘКЕ ТУРАЛЫ СЫР: ӨНЕГЕЛІ ӨМІР

ttjk

ТҮРКИЯДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН КОНСУЛДЫҒЫ БАЙЛАНЫС ДЕРЕКТЕРІН ЖАРИЯЛАДЫ

ttjk

Эстетикалық мәдениетке бастаған экоакция

Назия Жоямергенқызы