Темір торға 24 телефонды өткізбек болған

Шымкентте темір торға 24 телефонды өткізбек болған күдікті анықталды. Оқиға Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты қауіпсіздігі барынша жоғары №53 мекемесінде болды.

 

10 қазан күні сағат түскі 14:00 шамасында қызметін қырағы атқарып тұрған екінші атқыштар ротасының көлікті бақылап тексеру пунктінің кезекшісі ефрейтор Нұрғали Ислямов, қарауыл бастығының кинологиялық қызмет бойынша көмекшісі ефрейтор Нұрсұлтан Кермаш және сақшы сарбаздар қатардағы Архат Сламжанов пен Думан Әбдісаттаров №53 мекеме қызметкерлерімен бірлесіп бақылау-өткізу пунктіне құрылыс материалдарын алып келген ГАЗель автокөлігін арнайы құралмен тексере бастайды. Оның әкелген ағаш және фанер тақталары жәй ағаш болмай шықты. Тақтайлардың арасына күдікті заттар жасырылған екен. Бұны сақшылар бірден байқап, тиісті адамдарға хабар береді.

Көліктегі күдік тудырған заттардың арасында 24 телефон, 7 SIM-карта, 4 Airpods құлаққабы, 4 сымды құлаққап және 7 қуаттағыш құрылғы табылды.

Related posts

Көктемгі егіс жұмыстарын ерте қаржыландыруға 1580-нен астам ауыл еңбеккерлері қол жеткізді

Назначен Чрезвычайный и Полномочный Посол Республики Казахстан в Венгрии

Назия Жоямергенқызы

Мемлекеттік онкологиялық орталықтарда жатыр мойны обырының алдын алуға арналған Ашық есік күні өтеді

editor