“Теңізшевройл“ нысандарының бірінде ақау шықты

«Теңізшевройл» (ТШО) компаниясы өз нысандарының біріндегі өндірістік іркіліске тап болды. Қазіргі уақытта ТШО-да өндіріс қалпына келтіріліп жатыр.

Компанияның өзі бұл ақауды «болмашы» деп сипаттап, егжей-тегжейін ашып айтпады.

«ТШО-ның басымдығы – қауіпсіз және сенімді өндірістік қызметті қамтамасыз ету. Бұдан бөлек, ТШО өзінің өндірістік қызметі мен коммерциялық мәселелерінің нақты мәліметтеріне түсініктеме бермейді», — деп мәлімдеді ТШО-ның жұртшылықпен байланыс жөніндегі менеджері Фархат Әбілов.

Анықтама:«Теңізшевройл» (ТШО) ЖШС — Атырау облысындағы Теңіз және Королевское кен орындарын игерумен айналысатын мұнай-газ кәсіпорны. Қазақстандағы ең ірі мұнай өндірушілердің бірі. Компания өндіретін мұнайдың басым бөлігі Каспий құбыр консорциумы (КҚК) арқылы экспортталады.
Tengrinews.kz

Related posts

UNESCO Heritage Sites in Türkiye That You Should Know Better

ttjk

Ассамблея туралы ереже бекітілді

editor

Назначен Чрезвычайный и Полномочный Посол Республики Казахстан в Венгрии

Назия Жоямергенқызы