ТӘУЕЛСІЗДІК — ТҰҒЫРЫМ

16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні! Бүгін қазақ халқы осы маңызды мерекені тойлау үстінде. Республикамыз КСРО елдерінің ішінде тәуелсіздігін 1991 жылы ең соңғы болып алғанымен, қазіргі таңда қарқынды дамып келе жатқан мемлекеттер қатарында. Мерекеге орай мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев отандастарын осы айтулы күнмен құттықтады.

«Тәуелсіздік күнінің айрықша мән-мағынасы бар. Азаттық үшін арпалысқан ұлт перзенттерін ел жадында мәңгі сақтау – қасиетті парызымыз. Олардың отаншылдық қасиеті – бүгінгі және болашақ ұрпаққа әрдайым үлгі-өнеге. Біз тамыры терең мемлекеттігіміздің маңызды белестерін ұлықтап, ұлтты ұйыстыратын ортақ құндылықтарды нығайта береміз. Сол арқылы қастерлі Тәуелсіздігіміздің тұғырын биіктете түсеміз. Тәуелсіздік – баға жетпес байлық. Бәріміз оны көздің қарашығындай сақтауымыз керек. Мемлекетіміздің егемендігін, еліміздің амандығы мен жеріміздің тұтастығын қорғау – әр азаматтың қастерлі борышы.» — деп президентіміз өз сөзін аяқтады.

Айтулы күнге орай әртүрлі іс-шаралар да өткізілуде. 16 желтоқсан күні Республика алаңындағы Тәуелсіздік монументіне гүл шоқтары қойылса, 17 желтоқсан күні «Тәуелсіздік таңы» монументіне гүл шоқтар қою рәсімі өткізіледі. Монумент Алматы қаласындағы Желтоқсан мен Сәтбаев көшелерінің қиылысында орнаасқан. Ал шығу тарихына келер болсақ, монумент 2006 жылы Желтоқсан оқиғасының 20 жылдығына орай ашылған. Ескерткіш тәуелсіздік үшін, ұлт болашағы мен ұрпақ тағдыры үшін жанын қиған қазақ жастарына арналады.

Сабит Сабина, Алматы қаласындағы №24 лицейдің 11 «Б» сынып оқушысы.

Сурет: “Егемен Қазақстан” газеті.

Related posts

Датча и Мармарис: маршруты, объединяющие зеленый и синий

Назия Жоямергенқызы

Әкім-қаралар халық сайлаған ауыл басшысының соңына шырақ алып түскен

editor

Музей, демонстрирующий всемирное наследие: Эфес

Назия Жоямергенқызы