ДОП ДОДАСЫ ҚЫЗА ТҮСТІ

      Футболдан әлем чемпионаты 2022

  Бірнеше ай бұрын бұл чемпионат көрермендерге көптеген тосынсый тарту етті. Лионель Месси мен Криштиану Роналдоның футбол мансабындағы соңғы ойыны секілді. Чемпионат ресми түрде 2022 жылы 20 қарашасында матчтарды бастады. Алғашқы тартыс Катар мен Эквадор командалары арасында өткен

Биылғы жылы спорт додасы өте тартысты әрі қызық болды. Сонымен, жарыстың қалай өткенін, ойыншылардың қандай қөңіл-күйде болғанына тоқталсақ.

Чемпионатта жарыс бірінші топтық, сосын 1/8, ширек финал, жартылай финал, 3-орынға талас, финал деген ретпен өтеді. Топтық ойында командалар A,B,C,D,E,F,G,H топтарына бөлінеді.

Бірінші ойын А тобындағы Катар-Эквадор футбол командалары арасында өтіп, Эквадор командасы жеңіске жетті. Ал соңғы жекпе-жек Аргентина мен Франция арасында  18 желтоқсанда өтеді.

Спорт сарапшылары мен футбол көрермендерінің пікірінше, чемпионатта Бразилия, Португалия сияқты командалар финалға шығады. Себебі, бұл командалардың басты ойыншылары футбол мансабын аяқтауға дайын. Соңғы ойында олардың жеңіске жету үшін барын салатыны белгілі. Қазіргі ойындарға  қарасақ, 3-орынға Марокко мен Хорватия командалары 17 желтоқсанда таласса, 1-орынға, яғни, чемпионат кубігіне Аргетина мен Франция командалары бақ сынасады.

Мықты командалардың біразының жеңіске ұшырауына байланысты көрермендердің бір бөлігі кімге қолдау көрсететінін білмей дағдарып қалды. Олардың ойынға қатысты жасаған болжамдары мен жоспары күрт өзгерген. 22 қарашада Аргентина мен Сауд Арабиясы арасындағы ойында, Аргентина 1:2 есебімен   жеңілген. Бірақ финалға шығу мүмкіндігі бар. Қазір көрермендер мен жанкүйерлер қай команданың бағы жанатынын білмейді. Чемпион командаға қатысты айтылатын болжамдар да саналуан.

Солтанқан Аружан, Алматы қаласындағы №86 мектеп-гимназиясының 11 «В» сынып оқушысы.

Сурет Интернеттен алынды.

 

 

 

 

 

Related posts

Türkiye closes 2023 with record-breaking tourism figures  

ttjk

АЛМАТЫДАҒЫ НАУРЫЗ МЕРЕКЕЛІК ШАРАЛАРЫ

ttjk

ҚАЗАҚ ҚОЛӨНЕРІ – АМЕРИКАДА

ttjk