Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға ұдайы көңіл бөлінеді

Елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және әйелдер құқығын қорғау шаралары күшейтіліп жатыр. 
Биыл ішкі істер органдарына отбасындағы зорлық-зомбылық жағдайлары туралы 100 мыңға жуық хабарлама келіп түскен. Министрлік 72 мың шектейтін қорғаныс ұйғарымдарын берді.

Бүгінде елімізде зардап шеккен әйелдер мен балаларға көмек көрсететін 69 дағдарыс орталығы жұмыс істейді. Жыл басынан бері осындай орталықтарға 5,5 мың әйел жүгінді, оның 3,7 мыңы балалы әйел.

Үкімет берген мәліметке жүгінсек, жүйелі жұмыс қазірдің өзінде нәтиже беріп келеді. Соңғы бес жылда әйелдерге қатысты қылмыстар саны екі есеге қысқарды, оның ішінде зорлық-зомбылық қылмыстары 37,9%-ға, кісі өлтіру – 49,3%-ға, ауыр дене жарақатын келтіру – 8,7%-ға азайған. Бұл зардап шеккендерді қорғауға және қолдауға бағытталған кешенді шаралардың тиімділігін айғақтайды.

Related posts

Начались специальные празднования столетия, организованные Управлением коммуникаций

Назия Жоямергенқызы

Стамбул примет глобальную конференцию SITE в 2024 году

ttjk

СЕМЕЙДЕГІ СЕМИНАР ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫ АРТТЫРДЫ

Назия Жоямергенқызы