Түркия 2023 жылды рекордтық туризм көрсеткіштерімен аяқтады

Әлемнің жетекші туристік бағыттарының бірі — Түркия туризм саласындағы қарқынды дамуын жалғастырып, былтыр 2022 жылмен салыстырғанда, 10 пайызға арттырған. Осылайша, 2023 жылы түріктер елі шет елдерден 56,7 миллион турист қабылдады. Түркияның Мәдениет және туризм министрлігі елдің туризм кірісі бір жылмен салыстырғанда 17%-ға артып, 54,3 миллиард долларға жеткенін мәлімдеді. Бұл — рекордтық көрсеткіш.

Туристердің сұранысы артқан
Еуропаның мәдениет, өнер, гастрономия, велосипед және діни туризм, сонымен қатар теңіз, құм және күн үшін ең танымал бағыттарының бірі — Түркия үшін 2023 жылы рекордтық жыл болды. Биыл бұл көрсеткішті 60 миллионға жеткізіп, туризмнен түсетін кірісті 60 миллиард доллардан асыруды көздеп отыр.

Тұрақты даму хаттамасына қол қойған бірінші ел
Түркияның туризмдегі табысының артында келушілер үшін тартымды орта құруға бағытталған стратегиялық және болашақты ойлайтын саясат жатыр. Ел туризм секторын жауапты және тұрақты саясаты бар неғұрлым төзімді және инклюзивті құрылымға айналдырды. Түркия 2022 жылы Жаһандық Тұрақты Туризм Кеңесімен (GSTC) үкімет деңгейінде келісімге келген және оны салалық талап ретінде жүзеге асырған әлемдегі алғашқы ел болды.

Түркия: жыл он екі ай бойы алуан бағыт пен алуан қызық
Үш жағын көгілдір теңізбен және тарихи байлығымен қоршалған бірегей географиялық ерекшелікке ие түріктер еліне туристердің қызығушылығы ешқашан басылған емес. Туризм арқылы өзінің құндылықтарын әлемге танытуға ұмтылатын Түркия қонақтарға жыл он екі бойы түрлі мүмкіндіктер ұсынады. Жанға жайлы демалыстар, мәдени және спорттық іс-шаралар, гастрономиялық фестивальдар мен әр аймақтың өзіне тән асханасын, қоршаған орта мен табиғаттың тартымдылығын ұсыну арқылы адамдарға ұмытылмас естеліктер сыйлайды. Түркия көптеген археологиялық қазбалар мен қалпына келтіру жобаларын жүзеге асырады. Осы салада үздіктер қатарынан табылған Түркия 2023 жылы археологиялық жобалар санын 720-ға жеткізді. 2024 жылы аталған көрсеткіш 750-ден асырылады. Бұл Түркияның мәдени мұраны сақтаудағы көшбасшылығын күшейтеді. Сонымен қатар түнгі серуендер үшін танымал археологиялық орындарды жарықтандыруы да туристердің көңілінен шықты. аЖан-жағын самаладай жарыққа ететін шамдар тарихи қазыналарды кешкі аспан астындағы таңғажайып көріністерге айналдырады. Измирдегі Эфес, Денизлидегі Иераполис, Анталиядағы Патара және Сиде сияқты бұл орындар Түркияның тарихи мұрасын көрсетумен бірге туристерге елдің бай мәдени мұрасымен жақынырақ танысуға мүмкіндік береді.

Related posts

Halyk Bank клиенттеріне 5% бонус береді

ttjk

«Азия Дауысы»: аңызға айналған фестивальдің қайта оралуы

ttjk

Тарихы терең Түркия

ttjk