Түркістан қаласына ерекше мәртебе беріледі

Парламент Мәжілісі «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» заң жобасы мен оған ілеспе заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

Заң жобасы президенттің Түркістанға рухани және тарихи орталық ретінде ерекше мәртебе беру тапсырмасына сәйкес әзірленген. Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаровтың айтуынша, құжатты әзірлеу кезінде Англия, Италия, Өзбекстан, Әзірбайжан сияқты елдердің тарихи ескерткіштерін сақтап қалу тәжірибесі зерттелген. Бұған қоса министрлік өкілдері Түркістан қаласының халқымен кездесіп, негізгі нормаларды тұрғындармен ақылдаса отырып дайындаған.

Заң жобасының басты нормалары:

  • Түркістан қаласы археология ескерткіштерінің резерваты құрылады;
  • ұлттық қолөнер шеберлерінің шығындарының бір бөлігі бюджеттен өтеледі;
  • Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің айналасындағы құрылысқа шектеу қойылады, құрылыстың бөгде элементтеріне жол берілмейді және оның бірегейлігі сақталады.

«Тарихи-мәдени мұраны қорғау және рухани объектілердің киелілігін сақтау негізгі қағидаттар болады. Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің қорғау аймағының шекарасына іргелес жатқан 100 метрлік қашықтықта биіктігі 7 метрден асатын, сондай-ақ ауқымы, түсі және құрылыс материалдары бойынша тарихи ескерткіштермен сәйкес келмейтін объектілер салуға жол берілмейді», деді вице-премьер Мәжілістің жалпы отырысында. Сонымен қатар, қала әкімдігіне мемлекеттік әлеуметтік  . объектілерді салу үшін жеке құрылыс компанияларына уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығын алу және беру бойынша құзырет беріледі. Заң жобасы аясында Түркістан қаласының әкімдігі мен мәслихатына қосымша 34 құзырет өтпек.

Related posts

Мәжіліс спикері Түркия Республикасының Ұлттық күніне арналған салтанатты жиынға қатысты

editor

ОПАСЫЗ ТӨҢКЕРІС ӘРЕКЕТІ: 2016 ЖЫЛҒЫ 15 ШІЛДЕ

Назия Жоямергенқызы

«Қазақстан» қонақ үйі — біз білмейтін қызықтар!

ttjk