Шымкенттік шенеунік мүгедектігі бар балалардың ата-аналарынан пара алған

Шымкентте Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің қалалық департаменті бөлім басшысының міндетін атқарушыға қатысты сотқа дейінгі тергеу ісі аяқталды. Ол мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналарынан мүгедектік топтарын белгілеу үшін жалпы сомасы 850 мың теңге пара алды деп айыпталған.

Пара ретінде берілген ақша қаражаты қалалық емханалардың бірінде жұмыс істейтін медбикенің көмектесуі арқылы жүзеге асқан. Қазір қала прокуратурасы айыпталушыларды сотқа берді.

«Конституцияның 77-бабы 3-бөлігінің 1)тармағына сәйкес адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі», делінген хабарламада.

Related posts

Тоқаев Қазақстанда 25 қыркүйекті жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады

Назия Жоямергенқызы

Halyk Homebank қосымшасында «Халык-Life» АҚ ұсынған өмірді сақтандыру бағдарламасы іске қосылды

ttjk

5 декабря — Всемирный день турецкого кофе

Назия Жоямергенқызы