ТҮРКІ ӘЛЕМІ ЗЕРТТЕУ ҚОРЫМЕН СЕРІКТЕСТІК

Түркітілдес журналистер қорының президенті Нәзия Жоямергенқызы Стамбұлдағы Түркі әлемі зерттеу қорында Бас хатшы Метин Көсе мырзамен танысып, Түркітілдес журналистер қорымен ортақ жобалар жайлы кеңесті.
Кездесу барысында Түркітілдес журналистер қоры туралы қысқаша ақпарат берген Нәзия Жоямергенқызы Түркі әлемі зерттеу қорымен бірге ортақ жобалар жасауға мүдделілік танытты. «Әсіресе, жас ұрпақтың түркі әлемі жайлы кеңінен мәлімет алуына жағдай жасайтын жобалар білім, тарих, мәдениет пен рухани мәселелерде жүзеге асырылуы тиіс», — деген Нәзия Жоямергенқызы ынтымақтастық жолында басымдық берілетін тақырыптарға тоқталды.

Related posts

«Билерді» бақылауға алу керек

editor

Эстетикалық мәдениетке бастаған экоакция

Назия Жоямергенқызы

«QOLDA» шұғыл көмек бағдарламасының үшінші кезеңі басталды

ttjk