Түркі кеңесінің VIII саммиті басталады

Түркітілдес елдердің ынтымақтастығын көздейтін Түркі кеңесінің басшылары бүгін Стамбұлдағы Демократия және бостандық аралында сегізінші рет бас қосады.

Түркия тарапынан ұйымдастырылатын саммитке Қазақстан президенті Қасым Жомарт Тоқаев, , Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров, Өзбекстан президенті Шевкат Мирзиёев, Венгрияның премьер министрі Виктор Орбон, Түркі кеңесінің Бас хатшысы Бағдат Әмреев қатысады. Сонымен қатар Түркіменстан президенті Гурбангулу Бердімұхамедов бақылаушы мәртбесімен Түркі кеңесінің жиынына бүгін алғаш рет келмек.

Түркия Республикасы президенті Баспасөз қызметінің хабарлауынша, Түркі елдерінің басшылары бас қосатын жиында Түркі кеңесінің атауын Түркі ұйымы деп өзгерту және алдағы 20 жылда атқарылуы тиіс жоспармен бірге аталған ұйымның нәтижелі жұмыс істеуіне қатысты мәселелер талқыланады. Басты мақсат — түрбі бір түркінің саяси, экономикалық, мәдени және рухани ынтымақтастығына үлес қосатын жаңа жобаларды жүзеге асыру. Биыл Түркі кеңесінің басшылығын Түркия Әзірбайжаннан қабылдап алады.

Related posts

Түркия бай еуропалық саяхатшылар үшін мәдени орталыққа айналды

ttjk

Мемлекет басшысы Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовты қабылдады

editor

МОЛОДОЙ ПЕДАГОГ ИЗ ОБЛАСТИ АБАЙ ПРИМЕНЯЕТ МЕЖДУНАРОДНЫЙ ОПЫТ В СЕЛЬСКОЙ ШКОЛЕ

Назия Жоямергенқызы