Сыр өңірінде Тілдер мерекесі аталып өтті

5 қыркүйек – қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күнімен орайластырылған Қазақстан халқы тілдерінің күні мерекесі Cыр өңірінде жоғары деңгейде аталып өтті.

«Тіл – татулық тірегі» атты облыстық фестиваль «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы – тіл» деп ұлағатты сөз қалдырған, Алаш арысы Ахмет Байтұрсынұлы жайлы мазмұнды бейнероликпен басталып, әрі қарай «Ахмет Байтұрсынұлының монологы» атты арнайы әзірленген прологпен жалғасты.


 құттықтау сөз сөйлеп,  облыстағы бірқатар тіл жанашырлары мен сала мамандарын облыстың Құрмет грамотасымен, облыс әкімінің, ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің, Тіл саясаты комитетінің Алғыс хаттарымен марапаттады.

Сондай-ақ, дарабоз ақын, үш мәрте «Алтын домбыра» иегері М. Ниязов Қырғыз елінің егемендігі мерекесі аясында ақын Молдо Нияз Эрназар Уулунун      200 жылдығына арналған халықаралық ақындар айтысында Бас жүлдені жеңіп алды. Осы ретте, жерлесіміздің лайықты жеңісі  мен алған марапатымен құттықтай отырып, аймақ басшысының ұлт тілін ардақтаудағы ерекше үлесіне арналған Алғыс хаты табысталды.

Бұдан соң Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облыстық филиалының төрағасы С. Аңсат  сөз сөйлеп, «Мемлекеттік тіл және БАҚ» облыстық байқауының жеңімпаздарын және мемлекеттік тілді дамыту бағытында белсенділік танытып жүрген жәнеоблыс тұрғындарына қазақ тілінде сапалы қызмет көрсетіп отырған  тіл үздіктерін «Үздік этномәдени бірлестік», «Тіл жанашыры», «Үздік қазақтілді кәсіпкерлік нысан», «Үздік қазақтілді қаржылық ұйым», «Үздік қазақтілді ас мәзірі», «Үздік қазақтілді кәсіпкер», «Үздік қазақтілді нотариус» номинацияларымен марапаттады.

Фестиваль барысында жиналған қауымға мерекелік шашу ретінде әзірленген концерттік бағдарлама ұсынылып, шара «Жаса, жаса, қазақ тілім!» әнімен аяқталды.

Related posts

АЛМАТЫДАҒЫ АТЫС

Назия Жоямергенқызы

ҰСТАЗДАРҒА АРНАЛҒАН МАРАПАТТАР

ttjk

«БАЛАЛЫҚТЫҢ МІНІП КЕМЕСІН»…