Субұрқақ үшін сотталуы мүмкін

ҚМА Астана Мәдениет басқармасының бұрынғы басшысы Болат Мажағұловтың ұсталғанын растап отыр.

ҚМА Астананың «Мәдениет басқармасы» ММ-нің бұрынғы басшысы мен мердігер ұйым өкілдеріне қатысты аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша соталды тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Белгілі болғандай, хабарламада 2016 жылы Астана күні мерекесіне орай салынған «Күн» («Есіл өзеніндегі жарық-иллюминациялық және от шоуы») субырқағының құрылысы кезінде мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізілмей тікелей келісімшарттар жасалған. Субұрқақ жобалық құжаттамасыз және мемлекеттік сараптамадан өтпей салынғаны айтылған.

Құрылыс барысында техникалық сипаттамаларға сәйкес келмейтін сапасыз материалдар қолданылған. Нәтижесінде аталған нысан 2017 жылдан бастап жұмыс істемей, қазіргі таңда апатты жағдайда тұр.

«Ұрланған қаражаттың көлемі 1 мллиард теңгеден асып отыр. Күдікті Астананың «Мәдениет басқармасы» ММ-нің бұрынғы басшысы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу аясында оның мүлкіне тыйым салынды. Оның ішінде 3 коммерциялық нысан, 2 автотұрақ орны және Астана қаласындағы премиум санаттағы пәтер. Бұл іс бойынша күдіктілердің мүлкіне жалпы сомасы 572 миллион теңгеден астам сомаға шектеу қойылды» делінген ресми орган таратқан хабарламада.

 

Related posts

Түркияны велосипедпен жүріп таныңыз

ttjk

Турция стала культурной точкой для богатых европейских путешественников

ttjk

Қазақстанда егінді ақбөкен мен шегірткеден сақтандыру мүмкіндігі қарастырылады