Су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге Астанадан тағы екі жүк көлікпен 20 тонна гуманитарлық көмек жөнелтілді

Бұған дейін Астанадан су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге 600 тоннадан астам гуманитарлық көмек жіберілген болатын. Бүгін «Астана жастары» жастар ресурстық орталығы Экономикалық тергеу департаментімен бірлесіп, екі жүк көлік, 20 тонна гуманитарлық көмек жинады. Онда Қостанай облысындағы су тасқынынан зардап шеккендерге азық-түлік, киім-кешек және бірінші кезектегі қажет заттар бар, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Эвакуациялық пункттердегі адамдарға күріш, ұн, қант, қарақұмық, шай, сондай-ақ күнбағыс майы сияқты азық-түлік қажет. Адамдар көп жиналатын жерлерде қоқыс жинауға көмектесетін қоқыс пакеттері қажет», — деді қалалық еріктілер штабы төрағасының орынбасары Эльвира Есмұханова.

Штаб еріктілері көмекке жылы киім, ауыз су, балалар тағамы, тұрмыстық тауарлар, балалар киімдері, көрпелер, төсек жапқыштар мен жастықтарды қабылдайды.

Сонымен қатар 500-ден астам ерікті қажетті заттарды сұрыптауға және жіберуге көмектеседі. Гуманитарлық көмек су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге жіберіледі.

Естеріңізге сала кетейік, елордада гуманитарлық көмекті қабылдайтын 9 пункт жұмыс істейді, жиынға 30-ға жуық еріктілер ұйымы қатысады. Күн сайын 200-ден астам ерікті қажетті заттарды сұрыптайды және жібереді.

Ниет білдірушілер жылы киім, азық-түлік, дәрі-дәрмек, қажетті заттарды әкеледі. Еріктілер қаржылық көмекті қабылдамайды. Ниет білдірушілер жинау орындарына қажетті өнімдерді жинап, әкеле алады.

 

Related posts

Қазақстан-Қытай сауда көлемі 33 млрд долларды құрады

editor

Үміт Шаяхметова: “Базалық мөлшерлеме шамамен 12% болады”

ttjk

ПОВЫШЕНИЕ СТОИМОСТИ ТАРИФА

Назия Жоямергенқызы