Стамбұлда «Teknofest-2023» басталды

Түркияның Стамбұл қаласында Технофест аэроғарыш және технологиялық фестивалі басталды. Осымен алтыншы рет ұйымдастырылған айтулы шара биыл Түркия Республикасының құрылғанына 100 жылдығына арналған.

“Технофесттің” негізгі мақсаты – қазіргі қоғамда технологияға деген қызығушылықты арттыруды және Түркияны технологияны өндіретін және дамытатын ел ретінде әлемге таныту. Биылғы фестивальдегі көрмеге азаматтық және әскери әуетехниканың түр-түрі қойылған. Мұнда ұшақтың, тікұшақтың және ұшқышсыз басқарылатын техникалардың ондаған түрі көпшілікке көрсетілді. Ірі авиациялық шоуға әсіресе мектеп оқушыларының қызығушылығы зор. Фестивальға отбасымен серуендеп келгендердің де қарасы көп.

Ғылым мен технологиялық өндіріске арналған мереке 27 сәуір мен 1 мамыр аралығында Стамбұлдың Ататүрік әуежайында, ал Анкарада 30 тамыз бен 3 қыркүйек аралығында өтеді.

 

 

Related posts

НАЧИНАЕТСЯ НЕДЕЛЯ ТУРЕЦКОЙ КУХНИ

ttjk

ТҮРКИЯ ҮШІН ТУРИЗМНІҢ ОРНЫ БӨЛЕК

ttjk

Питер Фостер: «Компания үшін қиын кезеңде Halyk сенімді серіктес болды»

ttjk