Шымбұлақта 2022-2023 тау шаңғысы маусымы ашылды

23 қарашада Шымбұлақ тау курортында 2022/2023 шаңғы маусымының ашылуы аясында БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз мәслихаты өтті.

Баспасөз мәслихатына «Шымбұлақ» компаниялар тобының бас директоры Ринат Әбдірахманов, «Шымбұлақ» компаниялар тобының коммерциялық директоры Владислав Семенов, «Шымбұлақ» компаниялар тобының қаржылық директоры Алмас Кеделбаев, «Шымбұлақ» компаниялар тобының бас директорының орынбасары Ләззат Бастаубаева қатысты.

Спикерлер Шымбұлақ кешенінің өткен жылдағы мәліметтері, атқарылған жұмыстары, әлеуметтік жобаларын таныстырды және 2022/2023 жылғы жаңа қыс маусымындағы іс-шаралары туралы айтты.

Журналистердің сұрағына жауап берген Алмас Кеделбаев биылғы қыста өтетін Almaty Extreme Games прогрессивті спорт түрлерінің бірінші халықаралық фестивалі туралы айтты.

Фестиваль алғаш рет Алматы қаласында Қазақстанның ең ірі тау курортында өтеді. Үш күн бойы шаңғы мен сноуборд спортының үздік өкілдері өздерінің трюктерін көрсетеді, сонымен қатар қонақтар мен көрермендер танымал жергілікті және халықаралық музыканттардың өнерін тамашалайды.

Шараға Швейцария, Польша, Қазақстан, Австрия, Швеция және Финляндия елдерінің спорт шеберлері қатысады. Сонымен қатар, фестиваль күндері 10 000 көрермен және онлайн трансляция арқылы 500 000 адам көреді деп күтілуде.

Шымбұлақ туралы мәліметтермен бөліскен курорт өкілдері: «2021-2022 жылғы маусымда «Шымбұлақ» компаниялар тобына 1 000 237 адам келген. Курортқа келушілер саны жыл сайын артып келеді. 2019 жылдан бері Шымбұлаққа келушілердің орташа өсімі + 24% құрайды» деді.

Сонымен бірге Шымбұлақ тау-шаңғы кешені қарапайым адамдарға, зейнеткерлерге, көпбалалы отбасыларға жасалатын жеңілдіктер туралы да айтты. Мысалы, зейнеткерлер аспалы жолмен тегін жүре алады. Қарттарға шаңғы тебу де – тегін.

«Әлеуметтік бағдарлама шеңберінде Шымбұлақта мүгедектер, зейнеткерлер, 5 жасқа дейінгі балалар үшін тегін жүру және сырғанау мүмкіндігі беріледі» дейді курорт өкілі.

Мүмкіндігі шектеулі балалар, балалар үйінің тәрбиеленушілері мен толық емес отбасының балаларына аспалы жолға 30 пайыз жеңілдік бар. Балалар әлеуметтік бағдарламалар шеңберінде шаңғыны тегін үйрене алады.

Related posts

Түркия бай еуропалық саяхатшылар үшін мәдени орталыққа айналды

ttjk

Футбол: Ұландар ұлт намысын қорғайды

ttjk

ТҮРКІ ӘЛЕМІ КИНО САММИТІ-2022

ttjk