ШУША — 2023 ЖЫЛЫ ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ МӘДЕНИ АСТАНАСЫ

Түркі әлемінің 2023 жылғы мәдени астанасы — Шуша қаласы. Бұл туралы ТҮРКСОЙ Тұрақты кеңесінің ХХХІХ отырысында Түркия Республикасы Мәдениет және туризм министрі Мехмет Нури Ерсой мәлімдеді: “Шуша қаласының басқыншылықтан азат етілуі — түбі бір түркінің ортақ қуанышы. Сондықтан Шуша Түркі әлемінің 2023 жылы мәдени астанасы болуға әбден лайық”.
Әзірбайжанның Таулы Қарабақ аумағындағы Шуша қаласын 1992 жылдың 8 мамырында армян әскерлері басып алған. Салдарынан қаланың 30 ауылы күйреді, 195 адам армян әскерлері қолынан қаза тапты,
165 адам жараланды, 58 адам із-түзсіз жоғалып кетті, 24 мыңнан астамы Жер аударылды. 2020 жылдың 8 қарашасында Шуша армян әскерлерінің басқыншылығынан азпт етілді

Related posts

Первый Кубок Тюркских Государств по горнолыжному спорту

Назия Жоямергенқызы

Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығын қорытындылаған форум өтті

Диалог во имя согласия: в Семее проходит тренинг по этномедиации

Назия Жоямергенқызы