Қазақстандағы медианың өзін-өзі реттеу жөніндегі қоғамдық комитетінің мәлімдемеcі

Өтініш беруші Ж.Сәдуақасованың құрбан болғандар және зардап шеккендер туралы фотосуреттер мен бейнелерді жариялау туралы өтініші бойынша.

Алматы қ.​​​​​​​                     15 қазан 2021 ж.

1

Қазақстандағы медианың өзінөзі реттеу жөніндегі қоғамдық комитетінің алғашқы отырысында комитет төрағасы Жұлдыз Әбділда, орынбасары Ержан Сүлейменов, Комитет мүшелері Диана Окремова, Мейрамхан Жәпек, Оразай Қыдырбаев, Руслан Никонович, Темірлан Төлегенов және онлайн қосылған Бақлан Мақұлбеков пен Руслан Бахтигареевтен тұратын құрамда өтініш беруші Ж.Сәдуақасованың НұрСұлтандағы көпірден құлап, Қарағандыда тарзанкадан секіріп зардап шеккен адамның медиада бейнесі мен фотосын жариялаудың этикаға қаншалықты сай келетіні туралы өтініші қаралды.

Шағымда адресат жоқ (өтініш беруші этикалық қағидаларға сәйкестігі туралы бірдебір редакцияны мысалға келтірмейді, бірақ тұтастай алғанда осы жағдайларды қарастыруды ұсынады), сондықтан тараптар отырысқа қатыспайды.  

Өтініш беруші Комитетке өтініш жасаудағы ұстанымын былайша түсіндіреді: «Жақында мен осы қайғылы оқиғаларды хабарлаған екі жаңалықты оқыдым, онда құрбан болғандардың бетжүзін оңай тануға болады. БАҚ зардап шеккендердің бетжүзін қалай ашық көрсете алады? Көпірде болған оқиғадан кейін аман қалған әйел қалай тыныш өмір сүре алады? Жұрттың бәрі оны көзге шұқып көрсетеді емес пе? Ал оның баласы болашақта кездейсоқ жаңалықты оқыса немесе тауып алса, анасы оған және оның өміріне қандай қауіп төндіргенін білсе, не болмақ? Ал тарзанкада қаза тапқан әйелдің  туғантуыстары қандай күйде жүреді? Оларға қайтыс болған қыздың бейнесін барлық жерден көру қиын емес пе? Осы екі материалды медианың базалық принциптері тұрғысынан қаншалықты этикаға сай екенін қарастыруды сұраймын».

Адресаттың позициясы, желілік басылымның редакциясы жоқ, өйткені белгілі бір басылымға сілтеме жоқ.

Комитет отырысында анықталған мәнжайлар:

1.Өтініш беруші тарапынан:

Өтініш беруші көрсетілген материалдар журналистік этика нормаларын бұзатынын, өйткені олар адам құқықтарын құрметтеу принципіне сай келмейтінін, медианың базалық принциптерінің 2-тармағына қайшы екенін айтты. Өтініш беруші журналистиканың «зиян келтірме» деген басты қағидасын есте сақтау және адам құқықтарын құрметтеу керектігін айтады.

2.БАҚ немесе жарияланым (сюжет) авторы тарапынан:

Мәлімдемеде осы фото мен видеоны жариялаған нақты БАҚ көрсетілмегендіктен, Комитет осы жарияланымдардың алдындағы нақты мәнжайларды анықтау мүмкін еместігі туралы қорытындыға келді.

1.1.Осы іс бойынша тартылған сарапшы тарапынан

Комитет мүшелері Комитетке жүгіну мәселесі бойынша медиа саласындағы заңгер Гүлмира Біржанованың пікірімен танысты:

«Менің ойымша, мұнда желілік басылымдар, пайдаланушылар және, әрине, әлеуметтік желілерде видео таратқан құқық қорғау органдарының өкілдері тарапынан заң бұзушылық бар. Конституция, қылмыстық және азаматтық заңнама нормалары ҚР азаматтарының жеке өміріне қол сұқпау құқығын және бейнесін таратпау құқығын қорғайды. Қоғамдық маңызы бар мәселе немесе араласуды қажет ететін басқа да жағдайлар болады. Ал қазіргі қаралып отырған жағдайда араласуға ешқандай себеп жоқ».

Комитет қиын өмірлік жағдайға тап болған тұлғалардың фотосы мен видеосын жариялау кезінде және оларды жариялау туралы шешімді қабылдар алдында редакция мына мәселелерге назар аударуы керек деген пікірмен келіседі:

Суицид немесе оған әрекет жасаған адамдардың видеолары мен фотосуреттерін тарату күрделі мәселе, өйткені, біріншіден, аудиторияның назары проблемаға емес, адамның жеке деректеріне ауады – оны бұл шешімге не итермеледі, әлеуметтік проблема ма, жеке жағдайлар ма? Бұл жағдайда ақпаратты жалпылама, егжейтегжейін көрсетпей және суреттерді жарияламай беру керек деген ұсыныс айтуға болады. Сонымен қатар, Қазақстан медиасының трагедиялық оқиғаларды аудитория тарту және рейтинг жинау құралы ретінде қолдануы үрдіске айналмауы керек.

Екіншіден, суицид әдісі мен ол әдісті сипаттау, тіпті бұл жай ғана суицид жасау әрекеті болса да, қайталанатын және жағымсыз жағдайларға апаруы мүмкін екенін («Вертер эффектісі») қатаң түрде есте ұстаған жөн.

Үшіншіден, өзінеөзі қол жұмсауға әрекет жасаған адамдардың отбасы, жақындары мен туыстары, достары мен әріптестері бар екенін есте сақтау керек және детальдарды, видеоларды, оқиға орнын жариялау оларға ұзақ мерзімді зиян келтіретінін түсіну қажет.

Төртіншіден, өзінеөзі қол жұмсау әрекеттерінің алдын алу туралы ақпарат қоғам үшін маңызды, алайда Комитет бұл оқиғаларды күннің басты жаңалығы етпеуді ұсынады. Осындай фактілерді жария етуге қатысты халықаралық ұстанымдар: мұндай материалдарды баспа басылымдарының бірінші бетіне, жаңалықтар лентасының басына немесе жаңалық сюжеттерінде жарияламау (https://reportingonsuicide.org/wp-content/themes/ros2015/assets/images/ROS-001-One-Pager-1.13.pdf).

Бесіншіден, Қазақстандағы ахуалды ескере отырып, Комитет суицидтің алдын алу фактілері БАҚта жариялануға тиіс екенімен келіседі, алайда халықаралық ұстанымдарды сақтау керектігін ескертеді  (Reporting on suicide  https://reportingonsuicide.org/recommendations/#dodonts), оқиғаны егжейтегжейсіз,  суреттер немесе басқа да деректерсіз хабарлау, керісінше жағдайда өзөзіне қол жұмсауға әрекет жасаған адамды оңай анықтауға болады.

Алтыншыдан, Комитет өзөзіне қол жұмсауға әрекет жасағанға дейін және одан кейін адамдар өмірлік қиын жағдайда болуы мүмкін екенін редакция мен материал авторларының есте сақтауын сұрайды. Бұл жағдайда олардан немесе олардың туыстарынан, жақындарынан, әріптестерінен сұхбат алуға асықпау керектігін ұсынады (олар өздері оқиға туралы айтқысы келген жағдайда ғана жариялауға болады). Мұндай жағдайдың өзінде медиада оқиғаны шамадан тыс егжейтегжейлі хабарламау, персонализация жасамау және адамды осындай шешімге әкелген проблемаларға назар аудару, сондайақ сұхбат алушыларды жарияланымның моральдық қолайсыздықтар тудыруы ықтимал деп хабардар ету ұсынылады (жазылатын пікірлер, жария болу және т.б.)

Жоғарыда баяндалғандарды ескере отырып, Комитет мынадай Мәлімдеме жасайды:

Қоғамдық Комитет өтінішті қарағаннан кейін (1 нөмірмен тіркелген) мынадай жағдайлар анықталды:

1.Медиада өзінөзі өлтіруге әрекет жасаған адамның жеке басын оңай анықтауға болатын видеолар мен фотосуреттерді жариялау фактілері кәсіби және сапалы журналистиканың этикалық қағидаларын сақтау тұрғысынан күрделі проблема саналады.

2.Қоғамдық Комитет редакцияларға, фрилансерлерге, блогерлерге, әлеуметтік желі пайдаланушыларына медианың базалық принциптерінің 2-тармағында аталғандарды еске салады: «Редакция адамның жеке өмірге құқығы маңызды екенін түсінеді және жарияланған ақпарат – өміріне қандай да бір әсер ететін әрі оқиғаға еріксіз қатысқан адамның мүддесін ескеруге тырысады. Шынайы журналистикада қорлау, жала жабу және жалған айыптау ұғымдары жоқ». Біз бұл тұста  «медиа» ұғымы аясында контент жасаушыларды, оны жариялаушылар мен таратушылардың барлығын жалпылай атап отырмыз.

Алқа мүшелері өтініш берушінің пікірімен келіседі: фото және видеоның медиа кеңістікте жариялануы – журналистикада кәсіби стандарт саналатын медианың негізгі ұстанымдарына  сай келмейді.  

Қоғамдық комитет:

серіктес редакцияларға: медианы өзінөзі реттеуі жөніндегі қоғамдық комитет шешімін басылымда жариялауды;

Қазақстан университеттерінің журналистика факультеттері мен кафедраларына: қоғамдық комитет шешімін кәсіби этика пәнін оқып жатқан студенттермен талқылауды;

медиа, ҮЕҰ және халықаралық ұйымдар, тәуелсіз сарапшыларға: редакциялар, университеттер, кәсіби медиа қауымдастық қатысушылары үшін суицид пен суицид әрекеттерін хабарлау ерекшеліктері туралы арнайы вебинар немесе тренинг әзірлеп, өткізуді ұсынады.

Осы шешім консенсуспен қабылданды.

Төраға

Жұлдыз Әбділда

Сурет: www.spoki.com

Related posts

Baklava: A Turkish Tradition that Transcends Centuries

Назия Жоямергенқызы

Rami Library, the Largest in İstanbul, Opened

ttjk

«ЭКОЛОИЯ. РАДИАЦИЯ. ЗДОРОВЬЕ»

Назия Жоямергенқызы