Шетелден әкелген көлікті заңдастыруға 4 құжат қажет. Қандай?

Осы жылдың 23-қаңтарынан бастап шетелден Қазақстанға 2022-жылдың 1-қыркүйегіне дейін сатып алып келген көліктерді заңдастыру басталады. Ал оларды заңдастыру үшін қандай құжаттар қажет? Сұраққа Ішкі істер министрлігінің өкілдері жауап берді. Бұл туралы Қазақпарат агенттігі хабарлады.

Ішкі істер министрлігі, әкімшілік полиция комитеті төрағасының міндетін атқарушы Қайсар Сұлтанбаевтың сөзінше, көлікті тіркеу үшін 4 құжат керек.

«Көлік иесі 4 құжатты ұсынуы керек. Ол өтініш, өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін), көлік құралының паспорты немесе көлік құралын тіркеу туралы куәлік. Сонымен қатар көлік құралына меншік құқығын растайтын құжат. Яғни мүлікті сатып алу-сату, айырбастау, сыйға тарту немесе иеліктен шығару туралы өзге де мәміле шарттары, мұрагерлік құқығы туралы куәлік», – деді министрлік өкілі.

Ұсынылған құжаттарды Халыққа қызмет көрсету орталығы растауы тиіс. Құжат тексеруге полиция қызметкерлері де қатысады. Содан кейін мүлік иесінің телефонына SMS хабарлама жіберіледі.

Сурет: www.kolesa.kz

Related posts

Hawaii’s Newest Experiences, An Island-by-island Breakdown

ttjk

ИЗМИР, БОДРУМ, СТАМБҰЛДЫҢ АСПАЗДЫҚ ШЕБЕРЛІГІ – MICHELIN НҰСҚАУЛЫҒЫНДА

Назия Жоямергенқызы

«Халық-Life» АҚ-ы «Bilim-Life» атты жаңа сақтандыру өнімін шығарды

ttjk