Шетелден көлік әкелетін жеке тұлғаларға тосқауыл қойылмақ

Бұл туралы Қаржы министрі Мәди Такиев Мәжіліс отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында айтты.

«Бұл мәселені жалпы бірнеше министрлік қарап жатыр. Оны өзіміз алып шығарып жатқан жоқпыз. Біз шетелден көлік кіргізу процесінің тізбегінде ең шетінде тұрмыз – шлагбаумды ашамыз да, жабамыз. Ол мәселені қарайтын Сауда министрлігі, Өнеркәсіп министрлігі бар. Кеше Үкімет отырысында айттым, осы сұрақты қайта қарайық дедім. Барша тәуекелдерді қайта қарап шығайық деп айттық. Бұл өзгеріс тура 1 желтоқсаннан бастап күшіне енеді деп айтуға ерте. Яғни, 1 желтоқсанда өзгеріс болады деп күтпеуге болады. Бір аптаның ішінде нақты шешім қабылдаймыз», деді министр.

Еске салсақ, Мемлекеттік кірістер департаментінен тараған мәлімет бойынша, 1 желтоқсаннан бастап шетелден көлік кіргізудің тәртібі өзгеруі керек болған. Нақтырақ айтсақ,  Қазақстан азаматтары шетелден ел аумағына кіргізетін көліктердің техникалық регламентке сәйкестігі туралы құжат рәсімдеуге міндеттелмек. Ол ондай құжатты тек заңды тұлғалар ғана рәсімдей алады. Осылайша қарапайым азаматтардың өз бетімен шетелден көлік айдап әкелуіне тосқауыл қойылуы мүмкін.

Related posts

İstanbul is Among “The 50 Best Places to Travel in 2024”

Назия Жоямергенқызы

Ақмола облысындағы алпыстан аса тұрғын жеке құжатсыз жүрген

editor

Елордада заңсыз ет өңдейтін екі цех анықталды

editor