Шенеуніктердің айлығы туралы ақпарат азаматтар үшін қолжетімді болады

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі табыс декларациясына байланысты арнайы бұйрық қабылдамақ. 

Елімізде жұмыс істеп жүрген саяси қызметкерлердің нақты табысы жайлы мәлімет кез келген азамат үшін қолжетімді болады. Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов шенеуніктердің табысын қалай білуге болатынын түсіндіріп берді. Оның айтуынша, жуырда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі табыс декларациясына байланысты арнайы бұйрық қабылдайтынын ерекше атап өткен.

«Бізде заңға байланысты декларацияны 15 қыркүйекке дейін тапсырып, 31 желтоқсанға дейін халыққа жария етуі тиіс. Мемлекеттік органның кадр қызметшілері өздерінің сайттарына жариялайды. Қазіргі уақытта Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қаңтар айының аяғына дейін қандай деректер болуы керектігі жөнінде бұйрықты қабылдайды. Осыдан кейін барлық мемлекеттік қызметшілер 15 қыркүйекке дейін күтіп отырмай, оған дейін тапсырып қояды», — дейді  Біржанов. Әрбір шенеунік табыс декларациясын тапсырғанның күннің ертеңінде ресми сайттарына жарияланатынын айта келіп «15 қыркүйекке дейін көбі созбайды. Мемлекеттік қызметші тапсырған күннің ертеңінде ресми органның сайтына жариялайды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қабылдаған бұйрықтан кейін барлық саяси қызметкер және А корпусындағы қызметкерлер қабылданған бұйрық бойынша мәліметтерді орналастырады», — деді.

Related posts

АСТАНАДА PRO.NRG FEST ҒЫЛЫМИ ОТБАСЫЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

Назия Жоямергенқызы

АШЫҚ ЕСІК КҮНІ: ОБЫРДАН САҚТАНЫҢЫЗ

ttjk

Алматыда онкология және радиология орталығы ашық есік күндерін өткізеді

ttjk