Қомақты қаржы бопсалаған блогер ұсталды

үркістан облысы Сарыағаш ауданында 1 млн теңге бопсалаған блогер қолға түсті.

Тергеу мәліметтеріне сенсек, Сарыағаш ауданының 34 жастағы тұрғыны «мектептерде білім беру жобасын жүзеге асыруға кедергі келтіремін» деп қорқытып, ұйымдастырушылардан 1 млн теңге талап еткен. «Тексеру кезінде ұсталған адамнан қаражат аударылғаны расталған банк картасы мен журналистің қызметтік куәлігі табылды», делінген хабарламада.

Күдікті өңірде блогер ретінде танымал, әлеуметтік желідегі парақшасын белсенді жүргізіп келген. Қазіргі таңда оның үстінен бопсалау фактісімен қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

 

Related posts

Шенеунік11 млн теңгеден астам айыппұл арқалады

editor

После бездействия в течение двух тысячелетий, колоссальный Фонтан Кибиры в «городе гладиаторов» снова течет

ttjk

Ғашықтар күні қарсаңында Түркияның ең романтикалық жерлерімен таныс болыңыз!

ttjk