Арнайы жасақ қызметкерлеріне шабуыл жасалды

Әлеуметтік желіде Астанадағы «Арнайы жедел әрекет ету жасағы қызметкерлері» соққыға жығылғаны туралы ақпарат тарап жатыр.

Telegram каналдағы мәліметке сүйенсек, 21 қаңтарда бес ер адам BMW 7401 көлігімен ЕРОП ескі ғимаратына келіп, арнайы жасақ қызметкерлеріне шабуыл жасап, олардың денсаулығына зақым келтірген. Ал бүгін оқиғаға қтысты қалалық Полиция департаменті түсінік беріп «Полиция департаменті алған факт бойынша қылмыстық іс қозғады, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, басқа да мәліметтер жарияланбайды»,  деген хабар таратқан. Сондай-ақ шабуыл ұйымдастырған  құқық бұзушыларға іздеу салынғаны туралы хабарлама таратқан.

Related posts

How To Enjoy Fresh Fruits on Floating Market, Thailand

ttjk

Инклюзивті білім берудің жаңа стандарттары енгізіліп жатыр

editor

Әуезов ауданының бюджеті 2024 жылғы маусымда 25%-ға ұлғайтылды