Шәкіртақы екі есе көбейеді

Жоғары оқу орындарындағы студенттер үшін шәкіртақыны ұлғайтудағы жоспарлы жұмысты жалғасып жатыр.

Ғылым және жоғары білім министрлігі  биыл да ЖОО және колледж студенттерінің стипендиясын 2 есе, магистранттар мен докторанттар үшін 1,75 есе арттырмақ.

2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап бакалавриат студенттеріне стипендия 52 372 теңгеге дейін, ал педагогикалық және медициналық бағыттардағы білім алушыларға – 84 000 теңгеге дейін, магистранттарға – 117 098 теңгеге, докторанттарға – 262 500 теңгеге дейін өседі.

Интернатурада оқитын студенттерге стипендия – 94 862 теңге, ал резидентурада – 134 664 теңге көлемінде төленеді. Емтихан сессиясын «өте жақсы» тапсырған жағдайда студенттердің жоғары стипендия алу мүмкіндігі сақталады.

Related posts

Эрджиес: на вершине Анатолии

ttjk

Диярбакыр — Месопотамияның көне қаласы

ttjk

Исследуйте Хеттскую тропу и откройте для себя древние сокровища первой империи Анатолии

Назия Жоямергенқызы