Салық жеңілдігін пайдаланып жүрсіз бе?

Қазақстандықтар салық кодексінің 349-бабына сәйкес, ипотеканы рәсімдеген азаматтар салықты аздау төлеу мүмкіндігі бар. Бұның сыртында дәл осылай медициналық сақтандыру жарнасынан үнемдеуге болады.

Осы шығындарға жұмсалған ақшаның бір бөлігін салық шегерімдері арқылы қайтара аласыз.

Жоғарыда айтқанымыздай, ҚР азаматтарына мұндай жеңілдіктер Салық кодексінде қарастырылған. Салық шегерімдерінің түрлері он жылдан астам уақыт бойы қолжетімді болып келсе, кейбірі биыл енгізілді, ендігісі 2025 жылға дейін қолжетімді болады.

– Салық шегерімі – бұл салық алынатын табыс мөлшерін азайтатын сома. Мысалы, ай сайын жалақыңыздан мемлекет пайдасына табыс салығы есептеледі. Оның мөлшері жалақыға байланысты әр адамға тән. Сонымен, бұл табыс салығы Салық кодексінде қарастырылған қызметтер тізіміне жұмсалған ақшаңызды қайтарады. Айталық, сіз тіс емдеуге 20 000 теңге жұмсадыңыз және осы қаражатты салық шегеріміне алғыңыз келеді. Бір айда сіз 150 мың теңге табасыз, оның 89500 теңгесіне 10% табыс салығы салынады. Осылайша, бұл сома 20 000 теңгеге қысқартылатын болады. Осылайша, табыс салығы ретінде сіз бюджетке 8950 теңгенің орнына 6950 теңге аударасыз, – деп түсіндірді Қостанай облысы Мемлекеттік кірістер департаменті түсіндіру жұмыстары басқармасының басшысы Зарина Бекмұхамедова.

Сонымен қатар, бүгінгі таңда салық шегерімдерінің бес түрі бар. Жұмыс істейтін әрбір қазақстандық ай сайын стандартты шегерімді пайдаланады. Бұл ең төменгі жалақының бір мөлшері. 882 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде стандартты шегерімдер азаматтардың бірнеше санаттарына беріледі. Олар Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңес Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар; 1941 жылғы 22 маусым мен 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңес Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар; I, II, III топтағы мүгедектер; мүгедек балалар пайдаланады. Мұндай шегерім жылына тек бір рет қолданылады.

– Медицинаға салықтық шегерім косметологиядан басқа, медициналық қызметтерге ақы төлеуге арналған шығыстар бойынша беріледі. Шегерім күнтізбелік жыл үшін 94 АЕК-тен аспауы тиіс және растайтын құжаттар болған кезде ұсынылады: ақылы медициналық қызметтер көрсетуге арналған шарт; медициналық қызметтердің құны туралы ақпаратты қамтитын үзінді көшірме; төлемді растайтын құжат. Медициналық қызметтерге ақы төлеуге арналған шығыстар бойынша салықтық шегерімдер мынадай күндердің ең соңғысы келетін салық кезеңінде қолданылады: медициналық қызметтерді алу күніне немесе медициналық қызметтерге ақы төлеу күніне, – деп хабарлады Қостанай облысының Мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдері.

2021 жылы сыйақылар бойынша салықтық шегерім тұрғын үй құрылыс жинақ банктерінен алынған ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша ғана қолданылады. Мысалы, адам Отбасы банкінде (тұрғын үй құрылыс жинақ банкі) тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін 35 млн теңге сомасына ипотека ресімдеп, 40 млн теңгеге жуық төледі. Бұл жағдайда салық шегерімі 5 млн теңгені құрайды – банктің сыйақысы. Тиісінше, Қарыз алушының шығыстары осы сомадан 10%-ға, яғни 500 мың теңгеге азаяды.

Бұл ретте ҚР-да жалпыға бірдей декларациялау жүйесін енгізумен салық шегерімдерінің ауқымы айтарлықтай кеңейтілетінін атап өту қажет. Бұрыннан қолданылып келе жатқанынан басқа, қосымша қосылады. Айталық, 2025 жылдан бастап жеке тұлғалар кез келген екінші деңгейдегі банктерден алынған қарыздар бойынша сыйақы сомасы мөлшерінде салық шегерімін қолдана алады.

Сондай-ақ, 2025 жылдан бастап салық шегерімдерін көп балалы отбасылар да оқуға қолдана алады. Ал биылдан бастап, МӘМС бойынша шегерім ұсынылады.

 

Сералы РАМАНҰЛЫ

Related posts

Интернеттегі алаяқтық фактілері былтырғыдан 31 пайызға көп

ttjk

Криптонарықтан ақша табу: Қалай сатып аламын, қолма қол ақшаға қалай айналдырамын

ttjk

«ЕРКІН СӨЗ»-2021

ttjk