Криптонарықтан ақша табу: Қалай сатып аламын, қолма қол ақшаға қалай айналдырамын

Бүгінгі таңда криптовалюта жайлы ақпаратты басынан бастап түсіндіріп жату артық болар. Оның бар екені, экономикаға ықпал жасап, әлемдік технология саласындағы алпауыт компаниялар сатып алып, сатып жатқаны белгілі. Мысалы, Илон Масктың компаниясы мамыр айына дейін Тесла көліктерін биткоинға сатып келген тұғын.

Криповалютамен ондаған мың АҚШ доллары табыс тауып, оны екінші табыс көзіне айналдырып отырған отандастарымыз көп. Айта кетерлік тағы бір жайт, криптовалюта нарығы — тәуекелі жоғары, қолыңыздағы барыңыздан айрылып қалу ықтималдығы ерекше алаң. Сондықтан, қандай да бір криптовалютаны сатып алмас бұрын, біліміңізді арттырған абзал. Мысалы, мамыр айының басында Биткоин тарихи рекорд орнатып бағасы ең шарықтау шегіне жетті. Бір биткоин 65 мың АҚШ долларына дейін көтерілді. Былтырғы жылдың яғни 2020 жылдың мамырында оның бағасы 10 мың АҚШ доллары болған.

IT маман Тимур Бектұр: «Қор нарығы да, криптовалюта нарығы да өте волатил яғни өте-мөте ойнамалы нарыққа жатады. Сондықтан, бұл жерде ешкім сізге «Бүгін осынша ақша салсаң, ертең осынша байлыққа кенелесің» деп кәде бере алмайды. Біреу сізге солай айтып, аяқ астынан миллионер қылып жіберсе, ол адамнан қашқан дұрыс. Өйткені, криптовалютындағы бағаны ешкім алдын-ала болжап біле алмайды. (Түсіндірме: бұл — криптовалюта арқылы баюға не ақша табуға болмайды деген сөз емес. Керісінше, табуға болады. Бірақ біреуге өте сенімді түрде аузынан ақ май ағызуға уәде беруге ешқашан болмайды. Тем более аз ақшамен кіріп, аяқ астынан миллиондармен шығу жөнінде әңгімені мүлдем тыңдап қажет емес)» дейді.

Оқырманға ескертетін тағы бір маңызды жайт, криптовалютаға соңғы ақшаңызды, үйіңізді сатқан ақшаны, көлігіңізді сатып жаңа көлік аламын деген ақшаны салуға болмайды. Әмияныңызда тұрған басы артық ақшаны, жоғалтып алсаңыз әрі қарай өміріңізді қиындатпайтын ақшаны салуға кеңес береміз. Себебі, нарық ойнамалы. Жаңа айтып өткеніміздей мамырдың басында 60 мың АҚШ теңгесі болып тұрған биткоин қазір 35-40 мың АҚШ доллары көлемінде болып тұр.

Енді нақты барыстарға көшейік. Сіз криптовалюта туралы үнемі естіп жүрсіз. Онда ақша тауып жатқан адамдар туралы ақпараттарды көріп жүрсіз. Ол туралы біліміңіз аз болғандықтан криптонарыққа кіруге жүрексінесіз.

Онда былай жасасаңыз болады. Қалтаңыздағы артық 100$ ақшаны криптоға салып көрсеңіз болады.

Ол үшін нақты не істеуге болады? Біз төменде осы барысты нақты қадамдармен түсіндіріп өтейік. Айтпақшы, бұл жазбамыз арнайы Түркітілдес журналистер қорының «Еркін сөз» байқауына арнайы дайындалды.

Мына сұрақтарға жауп тапсаңыз, 100$ ақшаңызды қалай криптовалютаға салып, оны кейін шығарып алуды білетін боласыз.

  1. Қай валюта түрін сатып аламын?
  2. Криптавалютаны қандай сайттан сатып аламын?
  3. Ол сайттан қалай сатып аламын?
  4. Сатып алған валютаны қалай сатамын?
  5. Счеттағы ақшаны/криптовалютаны өзіме қалай аударып аламын?

 

Қай валюта түрін сатып аламын?

Сіз криптовалюта туралы ақпаратты үнемі көзіңіз шалып қалып жүрсе, онда Биткоин, Эфириум деген валюталар туралы білесіз деген сөз. Бұлар криптонарықтағы ең танымал валюта түрлері, әрі, қазір қымбаттап кеткен түрлері. Дәл қазіргі курс бойынша Биткоин 36,000$, Эфир 2600$ көлемінде болып тұр.

Қазіргі таңда валюталардың жүздеген түрі бар. Біз бұл ақпаратты жазып отырған себебіміз оқырманға оны білсін деген ниет қана, сіз біз айтқан валюта түрін емес, өзіңіз зерттеп, ертең өседі, қымбаттайды, пайдасына сата аламын деген валюта түрін таңдап сатып алуға кеңес береміз.

Cardano (ADA) – нарықтық капитализациясы жағынан қазір төртінші орында тұрған коин түрі. Нақтырақ айтсақ $79 млард. доллар. Cardano (ADA) — бұл орталықтандырылмаған платформа. Кардано сияқты басқа да криптовалюта түрлерін CoinMarketCap сайтынан бағасын қарай аласыз.

XRP – бұл валюта түрі де сатып алуға тұралық, көптеген сарапшылар жағынан мойындалған коин түрі. Қазіргі бағасы $1 көлемі.

Dogecoin (DOGE) – қазіргі бағасы $0.38 тұратын қолжетімді әре танымал коиндардың бірі.

TRON (TRX) – көптеген сарапшылар жағынан ұсынылған валюта түрі. Бағасы $0.076.

VeChain (VET) – аздап алып, сатып жіберіп отыруға лайықты коинның тағы бір түрі. Бағасы $0.12.

Біз тек ең танымал деген 5-6 криптоваюта түрін айттық. Ал, одан басқа түрлері өте көп. Қайссын таңдайсыз, қайссына қанша ақша саласыз, оның бәрін өзіңіз шешесіз.

Криптавалютаны қандай сайттан сатып аламын?

Криптобиржасын ұсынатын әлемдік деңгейдегі, заңды, қауіпсіз, бүкіл әлем қолданатын, ортақ ресми сайттарды пайдаланған абзал.

Сондай сайттардың ең танымалы – Binance.com сайты.

Одан бөлек coinbase.combitfinex.combittrex.comwww.huobi.com сынды сайттар бар.

Біздің бүгінгі таңдауымыз Binance.com сайты. Біз бұл сайтқа тіркелу, верификациядан өту, алғашқы он долларға криптовалюта сатып алу барысын түсіндіреміз.

Бірінші қадам, Binance.com сайтына тіркелу. Кез-келген сайтқа тіркелу сияқты, бұл сайтқа тіркелу де қарапайым. Поштаңызды жазасыз, құпиясөзді қоясыз.

Видеоплеер

00:00
00:25

Екінші қадам, верификациядан өту. Верификация деген не? Бұл дегеніміз жеке деректерді тексеруден өткізу. Жеке куәлігіңізді немесе көк паспортыңыздың алдыңғы және кері бетін фотоға түсіріп сайтқа жүктейсіз. Сайт әкімшілігі құжаттарды тексеріп, сіздің шынайы адам екеніңізге көзі жеткен соң, сіздің аккаунтыңызды мақұдаудан өткізеді. Осы барыс орындалғаннан кейін ғана сіз криптовалюталарды сатып алуға ақша төлей аласыз.

Видеоплеер

00:00
00:37

(Видеода көрсетілген Ресей деген жерге сіз Қазақстан деген бөлімді таңдай аласыз)

Ол сайттан қалай сатып аламын?

Сайтқа тіркеліп, тексеруден сәтті өткеннен кейін біз алғашқы Bitcoin-ді (немесе басқа да криптоваюта түрін) сатып алуға дайынбыз! Ол үшін «Криптовалюта сатып алу» батырмасын басамыз «Несиелік / дебеттік карта» бетіне өтіп, қажетті деректерді енгізіп, біздің бірінші Bitcoin-ді (өзіңіз қалаған сомаңызға) сатып алуыңызға болады.

Видеоплеер

00:00
00:54

 

Сатып алған валютаны қалай сатамын?

Бұл жерде сату емес, сіз сатып алған Биткоинға басқа криптаволюталарды ауыстырып алсаңыз да болады, оларды тікелей сатып ақшаңызды картаға аударып алсаңыз да болады.

Счеттағы ақшаны/криптовалютаны өзіме қалай аударып аламын?

1. Binance есептік жазбаңызға кіріңіз : https://www.binance.com/ru

2. Жүйеге кіргеннен кейін 【Кошелек】 ->【Спотовый кошелек】 , содан кейінВывод】 батырмасын басыңыз.

3. Алғыңыз келетін коин түрін таңдаңыз.

4. Биткоинді (BTC) мысалға алыңыз, тексергеннен кейін мекенжайды [BTC алушының мекен-жайы] өрісіне көшіріңіз және ақша алу сомасын енгізіңіз. Жүйе өңдеу төлемін автоматты түрде есептеп шығаратын нақты соманы береді: алынған нақты сома = алу сомасы — комиссия.

Ескертулер:

-Егер сіз BTC-ді таңдасаңыз, қабылдаушы платформада да BTC-ді таңдағаныңызға көз жеткізіңіз.

-Егер сіз басқа платформаға шыққыңыз келсе: осы платформаның BTC депозиттік мекен-жайын көрсетіңіз (банктік аударым сияқты, алушының карточкасының нөмірін көрсетуіңіз керек, бұл жағдайда алу мекен-жайы басқа платформа депозиттің мекен-жайы болып табылады);

-Егер сіз криптовалютаны әмиянға қайтарып алсаңыз: алушының әмиянын ашып, төлемді немесе депозитті нұқыңыз, сонда көрсетілген мекен-жай ақша алу мекен-жайы болады;

— Егер сіз BTC-ден бас тартқыңыз келсе, алушының BTC мекен-жайын таңдағаныңызға көз жеткізіңіз;

-Егер сіз өзіңіздің есептік жазбаңыздың жеке куәлігін тексеруді аяқтамаған болсаңыз, сіздің шығу лимитіңіз 2 BTC / 24 сағат құрайды.

5. Кейбір токендерді алу үшін сізге дұрыс алу мекен-жайын көрсетіп қана қоймай, сонымен қатар «Тег» өрісін толтыру қажет болады.

(«Тег» «Жад» немесе «Төлем идентификаторы» деп те аталуы мүмкін)

Мысал ретінде BNB-ті алайық. Алдымен BNB алушының мекен-жайын толтыруыңыз керек. Осыдан кейін сізге BNB жазбасын тиісті алушы платформасына көшіріп, Binance-тағы екінші жад өрісіне қою керек.

Егер сіз MEMO-ға кірмеген болсаңыз, онда «Жіберу» батырмасын басқаннан кейін еске салғыш терезесі пайда болады.

-Алушының мекен-жайы платформаға жатса, сізге MEMO өрісін толтыру керек. Ақпаратты толтыруды жалғастыру үшін [Артқа] батырмасын басыңыз, содан кейін [Жіберу] батырмасын басыңыз

-Алушының мекен-жайы жеке әмиянға тиесілі болса және [MEMO] қажет болмаса, сіз бұл өрісті бос қалдырып, келесі қадамға өту үшін [Растау] түймесін басыңыз.

6. Осыдан кейін сізге қауіпсіздік тексеруден өту қажет:

  • Егер сіз 2FA қосылмаған болсаңыз, алдымен екі факторлы аутентификацияны қосуыңыз керек
  • Егер сіз бұрын 2FA қосқан болсаңыз, «Кодты алу» түймесін басып, қажетті кодтарды енгізіңіз
  • Есептік жазбаның қауіпсіздігі үшін растайтын электрондық пошта 30 минут ішінде код келеді, оны енгізіңіз.

7. Хатта криптовалютаны, соманы және ақша алу мекен-жайын екі рет тексеріңіз. Егер сіз электронды поштаны алып тастағаныңызды растайтын хабарлама алсаңыз, бірақ оны алып тастауды сіз жасамаған болсаңыз, есептік жазбаңызды блоктаңыз (есептік жазбаңызды өшіріңіз) және мүмкіндігінше тезірек қолдау қызметіне хабарласыңыз.

8. Binance-тен қаражатты сәтті шығарып алғаннан кейін, сіз ақша алу тарихын 【Кошелек】 ->【Спотовый кошелек】 ->【История кошелька】. Выберите 【Вывод】 парағынан тексере аласыз.

Сонымен қатар, егер сіз өз ақшаңызды алу туралы қосымша ақпарат алғыңыз келсе, бұл туралы толығырақ мәліметтерді тиісті блокчейндер желісінен тексере аласыз. Ол үшін TxID бағанында көретін хэшті нұқыңыз.

Егер қазақша аударма түсініксіз болып жатса, мына сілтеме арқылы өтіп қарай аласыз.

Қосымша ретінде төмендегі видеоларды қарауды ұсынамын. Бинанс платформасына қазақша түсіндіру.

Мақала авторы: Айбала Нұрлан

Related posts

ЖАС ЖУРНАЛИСТЕР МАРАПАТТАЛДЫ

ttjk

ҚАНДАЙ БАНКТЕН НЕСИЕ АЛҒАН ЖӨН?

БАЛАМНЫҢ САҒЫ СЫНБАСЫН ДЕСЕҢІЗ, САЛЫМ АШЫҢЫЗ

Назия Жоямергенқызы