САЙИТ ЮСУФ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Түркия Мемлекеті Шет елдердегі түріктер мен туысқан қауымдастықтар басшысының орынбасарлығына Түркия Үкіметі жетекшісінің кеңесшісі Сайит Юсуф мырза тағайындалды.

Талай жылдан бері түркі әлемінің бірлігі үшін тер төгіп келе жатқан Сайит Юсуфтың жаңа қызметіне қуанғандар көп.

Түркия Үкіметінің құрамында ұзақ уақыт бойы Балқан және Түркістан (Орталық Азия) аумағына қатысты мәселелерге жауап берген Юсуф мырза өзінің алғыс айтқан хатында:

«Құрметті достар! Жаңа белестерге қадам басқан шағымда жаңа бір мүмкіндік берілді. Бүгіннен бастап Түркия Үкіметі Шет елдердегі түріктер министрлігінде басшының орынбасарлығына тағайындалдым. Маған сенім білдіргендерге шын жүректен алысымды айтамын. Түркі әлеміне қызмет еткен ниеттес жандармен бірге қадамы құтты сапарға шықтық. Қолдауыңыз мен көмегіңізден үміттене отырып, елімізге, ұлтымызға және Түркі әлеміне қайырлы істерге себеп болуға жазсын деген тілектемін», — деді.

«Түркітілдес журналистер қорының» атынан Сайит Юсуф мырзаға жаңа қызметінде жетістік пен табыс тілейміз.

«Түркітілдес журналситер қоры» ҚҚ, www.ttjk.kz

 

Related posts

“ӘЛЕУМЕТТІК ЖУРНАЛИСТИКА: БАҚ-ТАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕР» ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨТУДЕ

editor

IV. Uluslararası «Köşpendiler Alemi» Göçebe Kültürü Festivali

ttjk

ДЕНИС ТЕН АТЫНДАҒЫ ҚОР ҚҰРЫЛДЫ

ttjk