Сақалды құрылысқа айналған Мәдениет үйі әлі аяқталмаған

Атырау облысындағы Сарытоғай ауылында құрылысы 8 жыл бұрын басталған Мәдениет үйі әлі аяқталмаған. 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облыстық департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жемқорлық тәуекелдерінің картасына 8 құрылыс нысаны енгізілген. «Тапсыру мерзімі бұзылған және жымқыру қаупі бар 8 құрылыс нысаны бақылауға алынды. Осындай нысанның бірі – Махамбет ауданының Сарытоғай ауылындағы 200 орындық
Мәдениет үйі. Бұл нысанның құрылысына 2017 жылы 260 млн теңге бөлінді. Алайда құрылыс мерзімінде аяқталмады. Бұл сот процесінің басталуына себеп болды. Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен мердігер «Строй проект-2017» ЖШС-мен келісімшарт бұзылды», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Жергілікті департамент облыс әкімдігімен бірлесіп бұзушылықтарды жою, проблемалық нысандардың құрылысын аяқтау жөніндегі жоспар бекіткен. Оған сәйкес жауапты мемлекеттік органдар, қала мен аудан әкімдіктеріне тапсырма берілген. Мәселен, Сарытоғай ауылындағы Мәдениет үйінің құрылысын аяқтау үшін жаңа мердігер анықталып, «Гранд Мастер» ЖШС-мен шарт жасалды. Мердігер құрылысы жұмысты қайта бастады. Қазір нысанның құрылысы 95 пайызға аяқталған.  Мәдениет үйінің құрылысы  ақпан айының ортасында толығымен аяқталуы күтіліп отыр.

Related posts

Мүдделер қақтығысы туралы қорытынды ұсынылмақ

editor

Түркияны аралауға арналған туристік бағыт

editor

Ұлыдағ — Бұрсадағы шаңғы курорты

ttjk