Ресейде қазақ мектептері ашылатын болды

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Ресейде бірнеше қазақ мектебі ашылатынын растады.

Министрдің айтуынша, қазақ мектептері Ресейдің үш аймағында ашылады. Қазір мәселе пысықталып жатыр. «Ресейде үш аймақ таңдалады. Олардың бірі – Астрахан, одан әрі Орынбор болуы керек. Қазір есімде жоқ, Томск сияқты. Қазақ диаспорасы көп шоғырланған елді мекендерде қазақ мектептерінің ашылуы пысықталып жатыр», деді министр.

Осыған дейін әлеуметтік желіде Ресейдің Астрахан облысында тұратын қазақтар өз аймағында қазақ тілінде оқытатын мектептер ашуды сұрағаны туралы ақпарат жарияланған болатын.

Related posts

Алматыда Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты кеш өтті.

Назия Жоямергенқызы

Өңірлерде психологиялық қолдау орталықтары ашылуда

ТҮРКИЯДАҒЫ ЗӘЙТҮН ЖИНАУ МАУСЫМЫ

editor