Мемлекет басшысы АӨСШК бас хатшысы Қайрат Сарыбайды қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстанның Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңеске төрағалығы аясында ұсынған бастамалары мен басымдықтарының жүзеге асырылу барысы жөнінде мәлімет берілді.

АӨСШК бас хатшысы Қайрат Сарыбай Президентке форумды институционалдық тұрғыдан нығайту үшін атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтты.

Мемлекет басшысы Кеңесті халықаралық ұйымға айналдыру жолында Қазақстан айтарлықтай белсенділік танытып отырғанын атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев АӨСШК-тің тұрақты құрылымдары қызметінің тиімділігін арттыру және оның географиясы мен сыртқы байланыстарын кеңейту арқылы бірлестікті одан әрі дәйекті түрде дамыту қажет екеніне назар аударды.

Кездесу соңында Президент Кеңес Хатшылығының қызметіне айрықша мән беріп, еліміз оның барлық деңгейдегі жұмысына атсалыса беретінін мәлімдеді.

Related posts

Қазақстан электронды кіру рұқсатын енгізуі мүмкін: QazETA жүйесі кімдерге қатысты болады

Назия Жоямергенқызы

Мевлют Чавушоғлу: Терроризмнің ұлты да, этникалық түрі де, діні де жоқ. FETO бүкіл адамзатқа қауіп төндіруде

ttjk

ТҮРКІ ӘЛЕМІ ЗЕРТТЕУ ҚОРЫМЕН СЕРІКТЕСТІК

Назия Жоямергенқызы