ҚҰРБЫМ ӘЙГЕРІМ — ӘЙБАТ ҚЫЗ

Менің құрбымның аты Әйгерім. Ол өте ақылды әрі әдемі қыз. Екеуміз алғаш үшінші сыныпта танысқанбыз. Содан бері жұбымыз жазылған емес. Қуанышым мен қиындықтарымды бірге бөлісіп, үнемі жанымнан табылады. Бос уақытымзды бірге өткіземіз, сабаққа бірге барамыз. Үй тапсырмасын да бірге орындаймыз.

Кейде Әйгерім екеуміз бір бірімізді түсінбей қалуымыз мүмкін. Бірақ ешқашан қатты ренжіскен емеспіз. Тез татуласамыз. Аталарымыз бекерге: «Айрылмастай досыңа қайрылмастай сөз айтпа», — демеген ғой. Мен Әйгерім сияқты адал құрбымның болғанына қуанамын.

Тоғжан Ролланқызы, М.Базарбаев атындағы №138 гимназияның 4-сынып оқушысы, Алматы

Түркітілдес журналистер қорының Жас журналистер мектебі

Related posts

Cleanzone Middle East 2018

ttjk

АҢСАҒАН МҰСТАФАНЫҢ ЖАҢА КИІМ ҮЛГІЛЕРІ

ttjk

ІСКЕРЛІК ОРТАЛЫҚТАҒЫ ОТБАСЫЛЫҚ САЯБАҚ

ttjk