2025 жылдың 4 мамырында “Rams Beyond Almaty” жобасының тұсаукесері Алматы қаласының әдемі ғимараттарының бірі Swissotel курортында ауқымды баспасөз конференциясы форматында өтті. Жоба таныстырылымына арнайы келген қонақтанымал жұлдыз Бурак Озчивит болды.
Туризмді дамытып, Қазақстанның имиджін қалыптастыруға үлкен үлес қосатын бұл жобаға Түркия елінің беделді тұлғалары, мықты көшбасшылар, қазақстандық БАҚ өкілдері мен блогерлер қатысты.
“Rams” құрылыс компаниясы Қазақстанда 27 жыл бұрын Рамазан Бюльбюльдің бастамасымен құрылған. Ал Rams Beyond Almaty- заманауи өмірдің ерекше көрінісі, болашақ Алматының қалыптасуы. Бұл 40 қабатты жаңа тұрғын үй кешенінің апартаменттері, люкс қонақ үйлері, коммерциялық кеңістіктері, пентхаустары мен мейрамханалары болады деп жаспарланған.Авторлардың айтуынша құрылынып жатқан нысанның артықшылықтарына қала орталығына жақын болуы, жоғары сапалы құрылыс материалы, қауіпсіздік жүйесі, заманауи дизайн жатады. Сондай-ақ, әлемдікбрендтермен әрленген сауда орталығы мен панорамалық көріністің болатынын жеткізді.
Әлем бойынша беделді жобаларды іске асырып жүрген Rams Global танымал түрік сериалдарының жұлдызы Бурак Озчивитпен серіктестік жасаған. Сондай-ақ Бурак Озчивит Қазақстанға арнайы келіп бүгінгі іс-шараның құрметті қонағы болды. Ол өз сөзін “Ата-бабамыздың қасиетті қонысына қайта оралған қандай қуаныш! Әр келген сайын өзімді үйімдегідей сезінемін” деп бастады. Жоба туралы және алдағы уақыттағы жоспарлары туралы журналистердің сұрақтарына жауап берді. Ал компанияның басшылары мен жоба менеджерлері құрылыстың әртүрлі жағдайдағы қауіпсіздігі, стилі мен спасы жайлы айтып өтті.
Жаңа бастау алып жатқан бұл жоба елдегі құрылыс компанияларының көшбасшысына айналған Rams Kazakhstan-ның дамуындағы серпінді қадам болмақ. Себебі, ол қолайлы жағдайлар мен ерекше мүмкіндітерді қамтамасыз етеді.
Альфия ҚЫЛЫШБАЙ, Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясы Компьютерлік технологиялар кафедрасы Медиажурналистика мамандығының 2-курс студенті