«АРЫСТАН» ЛИЦЕЙІНДЕГІ ТУРНИР

Футбол – жасөспірімдердің өмірінің бір бөлшегі. Салауатты өмір салтын насихаттау  мен дене шынықтыру мәдениеті мен спортты дамыту туралы Мемлекеттік  бағдарламаны жүзеге асыру мақсатындағы «Нұрсұлтан Назарбаевтың Білім беру қорының»  демеуімен және Талғар ауданы әкімшілігінің қолдауымен   2018 жылдың   28 қыркүйегі мен мен  04 қазан аралығында дәстүрлі түрде өткізілетін  Мамандандырылған «Арыстан» лицейі бастығының Кубогы  үшін  кезекті  жетінші футбол турнирі өтті.

Турнирге қатысу үшін түрлі   мамандандырылған спорттық және әскери мектептерден,  жалпы білім беретін оқу орындарынан, колледждерден, Алматы қаласы мен Талғар ауданының футбол клубтарынан, сондай-ақ Қайрат», ЦСКА, «Алматы» ФК, тағы басқаларынан  дайындығы жоғары, жеңістен үміткер футбол командалық топтары қатысты.

Жарыстың салтанатын, спорттық маңызын, футболдың дәрежесін асыру мақсатында ойын сабақтастығын, тәжірибе жалғастығын көрсету үшін турнирдің ашылу салтанатына «Кайрат» футбол клубының  құрметті ардагерлері шақырылып,  олар  өздерінің  жеңіске жету шеберліктері мен сырларымен бөлісіп,  жас футболшыларға сәттілік  пен жеңіс тіледі. Биылғы ерекшелік футбол ойынына «Арыстанның» тәлімгерлері, зейнеттегі қарт әскери қызметкерлер де келіп қатысып, ақ жол тілеп, жігерлендірді. Байырғы ойыншылар сөзі жасөспірімдердің  бойына күш-қуат пен сенім нұрын құйғандай болды. Әсіресе,  қақпашы, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген жаттықтырушысы (1984), «Қайрат» футбол командасының құрамында КСР чемпионатында 185 ойынға қатысқан футбол ардагері, халықаралық теміржолшылар одағы жарысының кубогы иегері,  20 ғасырдың 70-жылдарындағы еліміздің ең үздік қақпашысы, 2002 жылдан «Қайрат» футбол клубының президенті – Құралбек Досжанұлы Ордабаевтың «Арыстанға» келіп, футболшыларға ақ жол тілеуі жиналғандарды ерекше сезімге бөледі. Сонымен қатар, қазіргі атышулы қақпашы М. И. Гурман, В. Г. Катков пен қорғаушы Елдос Ахметов, ойыншы Лория Дэвидтің  бағыттаушы  сөздері футбол жанкүйерлеріне айрықша көңіл күй сыйлады. Орта мектептер мен спорт мектептеріндегі білім беру ісінің әдіскері С.Е.Солтанбаев пен ауыл әкімі М.Шорманов та осы айтулы мерекенің қонақтары болды.

Ойынның ашылымы осылай Лицей бастығы С.С.Таулановтың алғысөзімен, шақырылған қонақтардың ақ батасымен, айырықша күймен басталды.

Турнир айналмалы шеңбер жүйесі бойынша 12 команда арасында  өткізілді. Жартылай финалда дайындығы мықты футбол командалары  жасыл алаңда  өздерінің бар шеберліктері мен футболға деген сүйіспеншіліктерін  көрсете білді. Допты алып жүру шеберлігі мен қарсыластарының қақпасына  голл салуда «Арыстан» мамандандырылған лицейінің  футболшылары көзге түсті. Жыл өткен сайын тәжірибесі молайған футбол клубы үлкен алаңға сұранып тұрғандай әсер қалдырды. Сондықтан алаң иелерінен екі футбол командасы қатысты. Одан өзге  «Қайрат»  ФК және РФМША,  «Жасұлан» ФК, Алматы «Арыстан»  ФК, №29 мектептің  РЭЦК –сы, АКДПИ, Талғар ДЮСША,   «Локомотив»  ФК, АМК, өз шеберліктерін көрсетіп, тамаша ойын үлгілерімен жанкүйерлерін риза етті.

Финалдық матч аяқталған соң, дәстүрлі түрде лауреаттар марапатталып, жеңіс тұғырына көтерілген жеңімпаз команда мүшелеріне медаль мен мақтау қағаздары,  жеңімпаз Кубогы тапсырылды.

Лицей бастығының Кубогы үшін өткізілген футбол додасында ерекше көзге түскен командалар мен ойынпаздарға, шабуылшыларға  түрлі атау бойынша мақтау қағаздары мен жекелей сыйлықтар тапсырылды. 29 қыркүйектен 1 қазанға дейін 4 топтың арасында 3 командадан ойын өткізілді.

Лицей «Арыстан»  Талғар қаласының ДЮСШ кездесіп, 4-1 есебімен жеңді, жартылай финалда  РФМШ мен Алматылық  «Арыстан» ФК   кездесіп, ойын  «Арыстан» ФК-ның 3-1 есебімен жеңісімен аяқталды.  Ал екінші жартылай финалда «Қайрат» ФК мен біздің «Арыстан» мамандандырылған лицейінің командасы кездесіп, жеңіске «Қайрат» ФК жетті.  Ойынның соңғы шешуші қорытындысы бойынша, бас жүлде «Қайрат» ФК бұйырды, екінші орынды Алматы «Арыстан» ФК  алды, үшінші орын мамандандырылған лицей «Арыстанда» қалды.

Финалдық матчтың қорытындысы бойынша турнирдің жабылуы болып, марапаттаулар табысталды:

–  турнирдің үздік  бомбардирі, 19 допты қарсыластар қақпасына салған Аманжол Роланға – «Қайраттың» үздік шабуылшысы;

–  ең шебер ойыншысы  атағына Хайтсуратов Улугбек,  «Қайраттың» ФК ойыншысы;

– турнирдің үздік қақпашысы – Мухамбетжанулы Мирасқа   құнды сыйлықтар тапсырылды.

1 орын – Алматы қаласының ФК «Кайратқа»  медаль мен мақтау қағазы, жеңімпаз  Кубогы; 2 орын – Алматы қаласының ФК «Арыстанға»  мақтау қағазы мен медаль;

3 орын  – «Арыстан»  мамандандырылған лицейіне мақтау қағазы мен медаль  салтанатты түрде табыс етілді.

Алматы қаласының  ФК РФМШ-ға  турнирге қатысқаны үшін естелік грамотасы тапсырылды.

Турнирдің жабылу сәті  жеңімпаздарға жүлделерін тапсыру сәтіндегі фотосессиямен аяқталды.

Турнир қатысушылары  мен  футбол жанкүйерлері үшін   бұл бір аптаға созылған күзгі сый – МЛ «Арыстанның» басшысының Кубогы үшін болған футбол жарысы өзінің әділетті өткізілімімен,  жоғарғы дайындық деңгейімен есте сақталатыны сөзсіз. Бұл жас футболшылардың шеберлігін шыңдаған, жасыл алаңда жұлдыздай  жарқырауларына жол ашқан турнир болды. Мамандандырылған «Арыстан» лицейінің  басшылығы футбол ойынының  жыл сайын жалғасатынын айтып,  тағы да жаңа осы ойынның жүлдегерлерін, қатысушыларын футболдық кездесуге шақырды.

Жарыс болашақта жалғаса береді.  Келер жылы келіңіздер,  бабымызды байқатып, шеберлігімізді шыңдап,  бақ сынайық!  «Бақ шаба ма, бап шаба ма» дегендей, сіздің мектептің де футбол командасы біздің Лицей бастығының, мамандандырылған «Арыстан» лицейінің басшысы, запастағы генерал-майор Сәбит Сәуменұлы Тауланов атындағы футбол Кубогы үшін өткізілген футбол додасында жеңіске жетуі мүмкін. Сондықтан келер жылға сақадай сай  жаңа командалардың келуін күтеміз. Келіп футбол додасының жұлдызын жарқыратып, жасыл алаңның   билеушісіне айналыңыздар. Ептілік пен шеберліктен жарысайық! Ұту – мұрат, қалу – ұят, келіп, өнер сынаасайық! Шеберлік  пен тәжірибе алмасайық!

 

 

 Умерджанова Ж.Т.

Related posts

Наслаждайтесь путешествием и морями Турции

ttjk

The Black Sea highlands of Türkiye offer an unforgettable experience amid the nature  

ttjk

FlyArystan: Таразға арзан билет бар

Назия Жоямергенқызы