Президент тапсырмасын орындамағандар жұмыстан шығарылады

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі елдегі мемлекеттік қызметшілерді жазалаудың жаңа ережелерін түсіндірді.

Жақында Мемлекет басшысы мемлекеттік қызмет мәселелерге қатысты бірқатар құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізді. Олардың кейбіреулері мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану тәртібіне байланысты.

Агенттіктің айтуынша, Қазақстанда мемлекеттік қызметшілер әкімшілік және саяси болып бөлінеді. Саяси мемлекеттік қызметшінің қызметі саяси анықтаушы сипатқа ие және ол саяси мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыру үшін жауап береді. Олардың тәртіптік жауапкершілігін қарау тәртібі 2015 жылы бекітілген мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану қағидаларында көзделген. Президент осы тәртіптерге жоғарыда көрсетілген тәртіпті реттеу мақсатында өзгерістер енгізді.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Президенттің тапсырмаларын, Президент Әкімшілігі басшылығының тапсырмаларын орындамау немесе тиісінше орындамау үшін саяси мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдануды қарастыратын нақтылаушы сипаттағы өзгерістер мен толықтырулар енгізілген. «Мемлекеттік қызмет туралы» заңға сәйкес, қызметтік тәртіпті және қызметтік әдепті бұзғаны үшін мемлекеттік қызметшілерге ескерту, сөгіс, қатаң сөгіс, қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту, мемлекеттік лауазымын төмендету (сайланбалы негізде жұмыс істейтін мемлекеттік қызметшілерді қоспағанда) және атқарып отырған мемлекеттік лауазымынан босату түрінде тәртіптік жаза қолданылуы мүмкін.

Related posts

Александр Лукашенко халықтың 86,82 пайыз даусын жинады

editor

Күштік құрылымдардың арнайы бөліністері ел абыройын қорғап жатыр

editor

Антониу Гутерриш өзінің сапарын БҰҰ-ның Қазақстанға және оның ШЫҰ төрағалығына көрсеткен қолдауы мен тілеулестігінің көрінісі ретінде қарастыратынын мәлімдеді

Назия Жоямергенқызы