Президент тапсырмасымен Ақтаудағы ұшақ апатына қатысты Мемлекеттік комиссия құрылды

Мемлекеттік комиссияны вице-премьер Қанат Бозымбаев басқарады. Алдын ала ақпарат бойынша ол Ақтауға бара жатыр. Президент дәрігерлерді Астанадан Ақтауға жіберуді және зардап шеккендерді барлық қажетті қолдаумен қамтамасыз етуді тапсырған.

Айта кетейік, бүгін Ақтауда Azerbaijan Airlines ұшағы апатқа ұшырады. Оқиға орнына Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігі жеке құрамының 52 адамы мен 11 бірлік техникасы барды. Апатқа ұшыраған ұшақ бортында Қазақстанның 6 азаматы болған.

Еліміздің Көлік министрлігі мәлім еткендей, Әзірбайжан тарапының алдын ала ақпараты бойынша, бортта 62 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болған. Олардың ішінде әзірге белгілі болғандай, 28 адам тірі қалған. Қазір қажетті медициналық көмек көрсету үшін ауруханаларға жеткізілген.

Related posts

TALENFORBIZ ҚАЗАҚСТАНДА: ӘЛЕМДІК ТҮРІК КОМПАНИЯЛАРЫ ЖАС ТАЛАНТТАРМЕН БІРІГЕДІ

editor

Halyk Bank және «Халық» Қайырымдылық қорының қызметкерлері су тасқынынан зардап шеккендерге бір күндік табысын аударады

ttjk

ҮКІМЕТТЕ САЛЫҚ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Назия Жоямергенқызы