Полковниктің ұлы 10 жылға сотталды

Батыс Қазақстан облысы полиция бастығы орынбасарының ұлына қатысты есірткі саудасы бабымен қозғалған қылмыстық іс сотта қайта қаралып, оған 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілді.
«Батыс Қазақстан облысы полиция бастығы орынбасарының ұлы алдында алқабилердің қатысуымен болған сотта ақталған. Іс биыл 21 қазанда Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында алқабилердің қатысуымен қайта қаралды», деп жазады жергілікті басылымның бірінде.
Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігінің 1,3,5-тармақтарымен айыпталған А-ға қатысты, яғни адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен, аса iрi мөлшердегі психотроптық заттарды, электрондық ақпараттық ресурстарды пайдалану арқылы заңсыз өткізу мақсатында сақтау дерегімен сотқа берілген қылмыстық іс қаралды. Мемлекеттік айыптаушы оған 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұраса, айыпталушы және оның қорғаушылары оны ақтауды сұрады

Related posts

“ШЕВРОН” КОМПЬЮТЕРЛІК ТОМОГРАФ ТАБЫСТАДЫ

ttjk

Мемлекеттік қызметтің сын-тегеуріндері мен келешегін әлемнің 20 елінің 200 практиктері, ғалымдары және сарапшыларымен талқылады

ttjk

Hawaii’s Newest Experiences, An Island-by-island Breakdown

ttjk