Петропавлда әскери қызметкер қаза тапты

Петропавлда келісімшарт бойынша әскери қызметкердің дарға асылған денесі табылды.

Солтүстік Қазақстан облысы Қорғаныс істері департаментінің баспасөз қызметі кеше Петропавл қаласы үйлерінің бірінің жертөлесінде қорғаныс істері басқармасының келісімшарты бойынша әскери қызметкердің денесі табылғанын хабарлады. Алдын ала мәліметке сенсек, қайғылы жағдай қызметтен тыс уақытта болған.

«Алдын ала ақпарат бойынша келісімшарт бойынша әскери қызметкер отбасылық-тұрмыстық жанжал негізінде өзіне-өзі қол жұмсаған. Оқиға орнында суицид туралы жазба табылды. Себептері мен мән-жайы анықталып жатыр», — делінген ведомствоның хабарламасында.

Дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. ІІМ Әскери-тергеу департаментінде ІІМ Орталық өңірлік ӘАОО Петропавл тобы ҚК-нің 105-бабы («суицидке дейін жеткізу») бойынша соталды тергеуді бастағаны хабарланды.​

«Суицид туралы жазба бар. Алдын ала себеп – отбасылық-тұрмыстық жанжал. ​Тергеу барысы бақылауға алынды. ​ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жария етілмейді», деп хабарлады ІІМ әскери-тергеу департаменті.

Бейресми ақпарат бойынша марқұм кіші сержант атағына ие болған. Еске сала кетсек, бұған дейін қыркүйекте тағы да әскери қызметкерлерге қатысты бірнеше қайғылы оқиға орын алды.

Related posts

Европейское велосипедное сообщество встретится в Измире к октябрю 2023 г.

ttjk

ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ҚАЛДЫҚТАРСЫЗ ӨМІР СҮРУ КҮНІ

ttjk

Кастамону: Қасаба ауылы, Махмұт бей мешіті

ttjk